«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАСӨСПІРІМ БОПСАЛАУШЫЛАР оқушыдан ақша алып жатқанда ұсталды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ұйымдасқан қылмыспен күрес жөніндегі басқарманың қызметкерлері Петропавл қаласының 18 жастағы тұрғынын бопсалады деген күдікпен ұстады. Өзінің жедел уәкілдердің қырағы көзіне түскендігін сезбеген ол қала мектептерінің бірінің оқушысынан ақша алып жатқан жерінде қолға түсті. Оқушыны бопсалап, 15 мың теңге алуға күдікті 16 жастағы інісімен келген. Кейіннен белгілі болғаны – бұл ағайындылар тәртіп сақшыларына бұрыннан таныс екен. Кәмелеттік жасқа толмағандар жөніндегі инспекцияның есебінде тұрған олар қайыр сұраумен айналысқан. Оның үстіне үстіміздегі жылдың басында тонау фактісі бойынша ағайындылардың үлкенінің бас бостандығына 4 жылға шектеу қойылған. Петропавл қаласының сотында оның үстінен тонау фактісі бойынша тағы бір іс қаралуда.  

Жоғарыда аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 181-бабының 2-бөлімі – “Бопсалаушылық” бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл – 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығына шектеу қойылады, не болмаса осындай мерзімге бас бостандығынан айырылады деген сөз. Күдіктілер Петропавл қаласының ішкі істер басқармасының уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.

Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp