«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОБЛЫСТЫҢ ҮЗДІК ШАҢҒЫШЫЛАРЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Борки кентінде шаңғы тебуден өткен облыстық чемпионатқа өңіріміздің 12 ауданынан 100-ден астам спортшы қатысты. Екі күнге созылған дода барысында олар шаңғы тебуден өзара мықты да шапшаң жас спортшыны анықтады.

Өңірлік додаға қатысуға мүмкіндік алып, мәреге бірінші болып жетуді мақсат еткен 100 спортшы жас ерекшеліктеріне қарай 3 топқа іріктелді. Жарыс жолына бірінші болып 12 мен 13 жас аралығындағы жеткіншектер шықты. Алғашқы топ 3 шақырымды жүгіріп өтуі қажет. Қалған екі топ 5 және 10 шақырымды бағындырды.

Бірнеше күнге созылған сайыстың нәтижесінде жалпыкомандалық есеп бойынша Мамлют ауданының құрамасы бәсеке барысында 401 ұпай жинап, бірінші орын алды. Қызылжар ауданының шәкірттері 322 ұпаймен екінші орынға тұрақтаса, Тайынша ауданының өкілдері 289 ұпайға қол жеткізіп, үшінші орынды қанағат тұтты.

Жекелей есепте Анастасия Хмельницкая (Қызылжар), Диана Қажығалиева (Ғабит Мүсірепов атындағы аудан), Әсем Назырова (Аққайың), Алексей Михеев (Шал ақын), Рүстем Набигулин (Мамлют), Даниил Викторенко (Шал ақын), Александр Шперлинг (Мамлют), Вадим Эйхвальд (К.Байболов атындағы БЖСМ) өздерінің жас ерекшеліктері бойынша жеңімпаздар қатарынан көріне білді.

Жеңісті олжалаған жас спортшылар грамоталармен, медальдармен марапатталды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp