«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ЭМУ-ЭРУДИТ” ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қалалық классикалық гимназияның бастауыш сынып оқушылары “ЭМУ-ЭРУДИТ” қашықтық математика олимпиадасына қатысты.  

Райса ӘБУОВА,

қалалық классикалық гимназияның бастауыш сынып мұғалімі.

 

Ойынның мақсаты оқушыларға дүние туралы (көркем, мифтік, т.б. түсініктермен байытылған дүниенің ғылыми бейнесі), оларды қалыптастыруға тиіс әрекет түрлері (оқу, еңбек, ойын, қарым-қатынас), дүниені танып білудің әдіс-тәсілдері (логикалық, ғылыми) жайлы білім бере отырып, білік-дағдыларын меңгерту, баланы шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту болатын.

Балаларға кезең-кезеңге құрылған тапсырмалар берілді. Оқушылар “Шапшаң”, “Ақыл”, “Епті” және “Батыл” кезеңдерінде өздерінің білім додасына қаншалықты дайын екендіктерін көрсетті. Сайыста 4 “б” сыныбының оқушылары өздерінің жан-жақтылығымен көзге түсіп, жүлделі орындарға ие болды. Олар: Дайана Шаймерденова, Камила Сұлтанова, Айдана Мұхамедғалиева, Карина Жақыпова, Дарина Сексенбаева, Алсу Канаина, Қасым Қазкен, Дамир Бейсекей, Әдия Аманова, Гүлназ Артықбай.

Оқушылар алға қойылған мақсаттарын орындап шықты. Ұстаздар болса, олардың дарындарын анықтауға тырысты. Осылай оқушылар сайыс арқылы өз білімдерін шыңдады. Математика пәніне қызығушылықтары арта түсті.

Петропавл қаласы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp