«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ЖАС МҰҒАЛІМ МЕКТЕБІ” екінші сабағын өткізді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының бастамасымен тәрбие және дамыту мәселелері жөніндегі базалық №23 орта мектеп негізінде “Жас мұғалім мектебінің” екінші сабағы өткізілді. Семинар жұмысына 22 бастауыш сыныпта сабақ беретін және 15 қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің жас мұғалімдері қатысты.  

Дулат ӘУЕЛБЕКОВ,

тәрбие және дамыту мәселелері

жөніндегі базалық №23 орта мектеп

директорының эксперименттік

алаңқай бойынша орынбасары.

Шараның тәжірибелік бөлімінде қазақ және орыс тілдерінде сабақ беретін 1-сынып мұғалімдері сауат ашу пәні бойынша өз шеберліктерімен бөлісті. Жанар Ақжігітова оқушыларды “Э”, Надежда Подлужная “Ц” дыбыстары және әріптерімен таныстырды. Майра Жүсіпова “Көңілді қыс” тақырыбы бойынша әдеби оқу сабағын өткізді. Сабақ жүргізу барысында жұптасып оқу, ұлттық педагогика элементтері, сөздік-лексикалық жұмыстар қамтылып, жас ұстаздар назарына ұсынылды. Эксперименттік екінші сыныптың оқушылары жұптасып жұмыс істеуді, көзқарастарын білдіруді, талқылау жасауды және сол бойынша пікір айтуды меңгерген. Майра Ермекқызы сабақ үстінде жайлы, ізгілікті, эмоциялық көңіл күй ахуалын туғызып, оқушылардың табысты еңбек етуіне жағдай жасай білуімен ерекшеленді.

 

Бастауыш сынып мұғалімі Галина Сәрсембина жобалық технология бойынша жұмыс істейді. Ол 4-сыныпта өткізген “Г.Андерсен. “Русалочка” тақырыбына арнаған әдеби оқу сабағын осы технологияның негізінде құрды. 5-сыныпта мұғалім Анар Сыздықованың “Қыс” тақырыбына дайындаған сабағы да жоғары деңгейде өтті. Мұғалімдердің сабақтарына аса мұқият дайындалғандары көрініп-ақ тұрды және олардың әрқайсысы өз пәндері бойынша инновациялық технология әдістерін тиімді пайдаланды.

Жас мамандар мен басқа да мұғалімдер өткізілген сабақтарға талдау жасады. Олардың пікірінше сабақтардың қайсысы болсын жоғары әдістемелік деңгейде өтті деген оң бағаға ие болды.

Келесі жолғы “Жас мұғалімдер мектебінде” қазақ және орыс тілдерінде оқытылатын бастауыш сыныптарда, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен тәжірибелік сабақтар өткізілсе деген ұсыныс, тілектер білдірілді.

Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының әдіскерлері Гүлнар Өмірбаева мен Гүлмайда Мүсетаева семинар барысында ұстаздықты таңдаған жастар кәсіби маман ретінде оқыту мен тәрбиенің инновациялық технологияларын, білім мен дағдысын меңгерумен қатар әр мұғалімнің педагогикалық ұстанымы, өмірге, әріптестеріне, балалар мен адамдарға деген өзіндік көзқарастарының да болуы керектігін түсіндірді. Мектеп мұғалімінің тұлғалық сапасын қалыптастыруда осының барлығына ұсақ-түйек деп қарамау керектігін айтты.

Шара соңында жас мұғалімдерге ашық сабақтар әзірлемелері мен “Букваренок” электрондық құралы таратылды.

Петропавл қаласы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp