«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЭЛЕКТРОНДЫ САЛЫҚ ТӨЛЕУ уақытыңызды үнемдейді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қаласы бойынша салық басқармасы салық төлеушілерді есеп айырысудың электронды әдісіне көшуге шақырады.

Бұл ретте электронды әдіспен төлейтін декларацияны берген кезде оның қағазбен төлейтін декларацияға қарағанда, мынадай бірқатар артықшылықтары бар:

– салық қызметі органдарының қызметкерлерімен жиі байланыспайсыз;

– Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің орталық серверіне есепті жіберместен бұрын қателерді түзетуге мүмкіндігіңіз болады;

– Интернет болған жағдайда салық есебін тапсыра, қарай және декларацияны өткізгеніңіз туралы кез келген қолайлы жерден біле аласыз;

– өзіңіздің бұрынғы салық есебін айырысқандағы үлгімен танысуыңызға мүмкіндігіңіз бар;

– тұрғылықты жердегі салық органына баруға уақыт кетірмейсіз;

– уақытыңызды үнемдейсіз, кезек күтіп тұрмайсыз;

– салық есебін толтыратын бланктерге ақша шығындамайсыз.

Электронды салық төлеуші, сондай-ақ өзінің жеке тіркеу деректерін көре, есепшотын байқап, оның көшірмесін, ақпар ала алады, бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегі бары, яки жоғы туралы анықтама алу үшін салық өтінішін, салық бойынша есеп айырысуды тоқтатуға (мерзімін ұзартуға, қайтадан ашуға) өтініш береді.

Соған қоса, 2013 жылдан бастап патент электронды түрде құрылады. Электронды әдіспен есеп айырысқанда жеке кәсіпкер патентті өз бетімен аша алады.

Салықты электронды әдіспен төлеу үшін Сіз өзіңіз жүрген, яки тұрғылықты жеріңіздегі салық органына келіп, электронды салық төлеушінің тіркелу есебі туралы салық өтінішін жазуыңыз керек (ҚР қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы №634 бұйрығына қосымша). Сізге салық органы өтініш берген күннен 3 жұмыс күнінің ішінде:

– кілті бар контейнермен электронды ақпарат таратушыны береді. Контейнерде электронды сандық жазу болады, ол Сіздің магнитті таратушыңызға көшіріледі (флэшкаға және басқаларға);

– электронды құжаттарды алмастырған кезде электронды сандық жазуды пайдалану мен оны тану туралы келісім жасалады.

Петропавл қаласы бойынша салық басқармасы.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp