«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АСҚАРБЕК СЫНДЫ ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАР еліміздің даңқын асырады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қаңтардың 27-сі мен ақпанның 3-і аралығында гимназия-интернаттың оқушысы Асқарбек Әбілқайыр Ресей Федерациясының Протвино қаласында Жоғарғы энергиялар физикасы институтының ұйымдастыруымен өткен 17-ші халықаралық сайысқа қатысып, “Жас физиктер” аталымы бойынша 1-орынды иеленіп оралды.  

Күлжан ТӨКЕНОВА,

Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернат директоры.

Бұл Әбу Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернат оқушыларының халықаралық деңгейдегі сайыстарға бірінші рет шығуы. Мектебімізде дарынды балаларды дамыту үшін түстен кейінгі уақыттарда әртүрлі шеберханалар жұмыс істейді. Дарынды, зейінді оқушыларымыз өзінің қалауымен ұнатқан шеберханаларына қатысады.

 

Гимназия-интернатқа Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Шұқыркөл ауылынан келіп оқып жүрген Асқарбектің физика пәніне деген қызығушылығы зор. Ол сабақтан тыс уақытта физика шеберханасында білімін толықтырудан жалыққан емес. Соның нәтижесін көрсете білді. Осы сайыстың нәтижесінде ол Ұлттық бірыңғай тестілеуден босатылып, өз таңдауы бойынша еліміздің кез келген жоғары оқу орнына грантпен түсу мүмкіндігін алды.

Мектеп басшысы ретінде өз тарапымнан оқушылар дарындылығын дамытуға ғылыми-әдістемелік қолдау көрсетіп отырамын. М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетімен байланысымыз бар. Ғылым кандидаттары, доценттер жоба жазу барысында біздің оқушыларымызға кеңесші ретінде қызмет атқарады. Ғылыми жұмыстың жүйелі түрде жүруіне бейіндік оқыту ісі жөніндегі орынбасарым Айнагүл Есқалиеваның еңбегі зор. Оның басшылығымен жыл басында дарынды оқушыларды анықтау жұмыстары жүргізіліп, оны әрі қарай дамыту мәселесіне тиісінше көңіл бөлінеді, осы бағытта үнемі талмай жұмыс атқарылады. Әр пән дарындылары іріктелініп, сол оқушылармен шеберханаларда ұстаздарымыз жұмыс істейді.

Бұл орайда Асқарбекті физика ілімінің тереңіне бойлатып жүрген ұстаз Бекет Мұстафиннің еңбегін атап өткен жөн. Бекет Салықұлы – жоғары білімді, жоғары санатты, 33 жыл еңбек өтілі бар тәжірибелі ұстаз. Ол мектеп бағдарламасымен шектелмей, қосымша материалдар әзірлеп, оқушы шығармашылығын дамытуда олардың өздігімен ізденіп жұмыс істеулеріне жағдай туғызып, кеңестер беріп отырады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp