«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АУЫЛДЫҢ ӨНЕРПАЗ БАЛАЛАРЫ Ресейден бас жүлдемен оралды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ләйла ЖАНЫСОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

 

Бескөлдік өнерпаздар бақ сынаған аспаптық жанрға 29 үміткер қатысқан. Оның ішінде жеке және жұптасып орындаушылар, ансамбльдер бар.

– Аспаптық жанрдың ішінде біз бас жүлдені еншіледік. “Шашу” домбыра ансамблі екі шығарма ойнады. Біріншісі фортепьяноның сүйемелдеуімен орындалған Брамстың “Венгер биі” және екінші шығармамыз Исламбектің “Күрішшілер биі” болды, – дейді ансамбль жетекшісі Берік Жанатов.

 

Сонымен қатар Берік Жанатов пен фортепьянода сүйемелдеуші-концертмейстер Наталья Скорынина өскелең ұрпаққа музыкалық-эстетикалық тәрбие беруге және ұлттық мәдениетті сақтауға қосқан үлестері үшін “Үздік оқытушы” және “Үздік концертмейстер” дипломдарымен марапатталып, “Шашу” ансамбліне мамыр айында Новосібір қаласында өтетін бүкілресейлік “Сибирь зажигает звезды” жобасының ақтық кезеңінде абсолютті жеңімпаз атағы мен 100 000 рубль ақшалай жүлдесіне лайықты үміткер ретінде шақыру қағазы да табысталған.

– Өзім Петропавлдағы өнер колледжінде Тойкен Күдеровадан сабақ алып, ұстазымнан үйренгенім көп болды. Кейін СҚМУ-дің музыка-педагогика факультетін сырттай тамамдадым. Конкурстарға қатысуға келгенде көбінесе жол шығынын көтеретін демеушілер табу қиын. Бұл жолы балалардың жол қаражаттарын ата-аналары көтерді. Сонымен қатар халықаралық деңгейдегі конкурсқа шәкірттерімді апарып, жасындай жарқырауларына қолдау көрсеткен өнер колледжінің директоры Әлия Сеңкібаеваға, аудандық оқу бөлімінің бастығы Берік Аюповқа, “Парасат” мектеп-лицейінің директоры Нұрлан Шәмшіханұлына айтар алғысым шексіз, – дейді Берік Жанатов.

“Шашу” домбыра ансамблі енді демеушілер табылып жатса, мамыр айында өтетін ақтық конкурсқа қатысу үшін Ресейге тағы да сапар шекпекші. Үміттері зор.

Қызылжар ауданы.

Суретті түсірген

Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp