“Солтүстік Қазақстан” газетінде қыз-келіншектерге арналған “Ұлпан” қосымшасы жаңа байқау жариялап отыр. Ай сайын жарық көретін басылым “Ауыл аруы” атты байқауға елді мекендерде тұратын қыздарды қатысуға шақырады.
Үміткерлердің жасы 18-30 арасында болуы керек. Басты талап – редакцияға сапалы түскен фотосуреттеріңізді жіберу. Сонымен қатар өздеріңіз жайлы қысқа да нұсқа мәлімет беру. Басқа сұрақтар бойынша 36-01-82 телефонына хабарласуға болады.
Суреттегі қыздың есімі – Арайлым Шоткина. Ол Шал ақын ауданындағы Жаңажол ауылының тумасы. Петропавл қаласындағы өнер колледжінің жеке ән айту бөлімін тамамдаған. Қазіргі таңда Ыбыраев ауылындағы Мәркен Ахметбеков атындағы орта мектепте музыкалық жетекші және ән сабағының мұғалімі болып қызмет етуде. Жас маманның басты мақсаты – жеткіншектерге эстетикалық тәрбие беріп, олардың өнер туралы түсініктерін кеңейту.