«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БИЛЛУР СЫНДЫ ШӘКІРТТЕРІМ еңбегімді ақтап жүр

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Гүлнәр ҒАБДУЛЛИНА,

№4 орта мектептің

қазақ тілі мұғалімі.

 

“Тіл – мемлекет тәуелсіздігінің символы” деген тақырыпта қазақ тілінен өзге ұлт балаларының арасында өткен VI республикалық сырттай олимпиаданың I турында Петропавл қаласындағы №4 орта мектептің 6-сынып оқушысы Биллур Гадирбеков 40 сұрақтың 39-ына дұрыс жауап беріп, II кезеңге өтті. Щучье қаласындағы “Балдәурен” оқу-сауықтыру орталығының негізінде ұйымдастырылған республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңінде де Биллурдың білімі дәлелденді. Ол өзге ұлт өкілдері балаларының арасында өткен олимпиадада III орын алып, дипломмен марапатталды.

Бұл сайыс орыс тілінде оқытатын мектептердегі өзге ұлт өкілдері оқушыларының арасында қазақ тілін білу деңгейін көтеру мақсатында өткізілді.

Көздеген мақсатты орындап шыққан Биллурдың жеңісі мектеп үшін зор мақтаныш болса, ұстазға абырой. Өзім 34 жылдан бері ұстаздық етіп келе жатқан жоғары санатты мұғаліммін. Оқушыларым қалалық, облыстық олимпиадаларда жүлдегер атанып жүр. Шәкірттерім 2010-2011 оқу жылында үш қола медальға ие болса, өткен жылы да осы межеден көріне білді. Еңбегім де ескерусіз қалмай, өткен жылы “Білім беру ісін дамытуға қосқан үлесі үшін” төсбелгісімен марапатталып, есімім “Дарынды балалар – Қазақстанның болашағы” атты энциклопедияға енгізілді.

Петропавл қаласы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp