6-11 ақпан аралығында ауа райы жағдайына байланысты 64 жеңіл автокөлік қар құрсауында қалған 12 төтенше оқиға тіркелді.
Қызылжар ауданында Шаховское ауылына бұрылатын жолдың 6-шақырымында түн ортасында алты жеңіл автокөліктің жолын қарлы бұрқасын бөгеді. Прибрежное ауылдық округінің қолданған шарасы арқасында жол тазартылып, жолаушылар сапарын әрі қарай жалғастыруға мүмкіндік алды.
Тайынша, Есіл, Ақжар, Уәлиханов, Ғабит Мүсірепов атындағы аудандардың автожолдарында да осындай оқиғалар орын алды. Мысалы, Краснокиевка-Чкалов ауылдарының арасындағы жолда – 20, ал Кішкенекөл-Ақ-түйесай бағытында 9 автокөлік қар тұтқынында қалды.
Тек аудандық әкімдіктер мен шұғыл қимылдау отрядтарының іс-қимылдары арқасында жолдар қардан тазартылып, авто-көліктер қар тұтқынынан босатылды.
Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент мүмкіндігіне қарай қатты аяз бен қар бұрқасыны кезінде елді мекендерден ұзап шықпауды ұсынады. Алайда, шыға қалған жағдайда, көлік құралдарының ақаусыздығын, әсіресе, жанармай беру жүйесін тексеріп алуды, жүргізушіге керекті құрал-жабдықтардың болуын қадағалауды тағы да еске салады. Ал оқыс оқиға бола қалған жағдайда,“101”, “112” телефондарына қоңырау шалу қажет.
СҚО ТЖД-нің баспасөз қызметі.