«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МҮГЕДЕК БАЛАЛАР МӘУЛІТТЕ БІР ҚУАНЫП ҚАЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) жетім-жесірлерге, мүгедек-кемтарларға үнемі қамқор болған. Сондықтан Алланың елшісінің туған айы – Мәуліт айы аясында Қызылжар қалалық “Нұр” мешітінің имамдары шаһардағы мүгедек балаларға арналған №2 коррекциялық мектеп-интернаттың тәрбиеленушілерімен кездесіп, қайырымдылық шарасын өткізді.

Ербақыт АМАНТАЙҰЛЫ,

журналист.

Қызылжар қаласындағы №2 коррекциялық мектеп-интернатта денсаулықтарында кінәрат бар 223 бала тәрбие алып жатыр. Ұжым басшысы Николай Хованскийдің айтуынша, мұндағы балалардың бәрінің дерлік ата-аналары бар екен, бірақ кемтар балаларына дұрыс жағдай жасап, тәрбие бере алмайтындықтан, интернатқа өткізетін көрінеді. Көбінің әке-шешелері ішімдікке салынып, есірткіге құмар болуы салдарынан да балаларының ақыл-естері кем немесе дене мүшелері дұрыс жетілмеген. Сондықтан кейбір жеткіншектер үшін интернат өз үйлерінен де ыстық деуге болады.

 

Мұнда тәрбие алып жатқандардың барлығы кемтар болғанымен, білім алуда, қолөнермен шұғылдануда өздерінің дені сау құрбыларынан қалыс қалып жатқан жоқ. Қонаққа келген “Нұр” мешітінің бас имамы Әбілхан Балтаұлы мен азаншы Нұриддин Шәкіровті интернат басшылары қуана қарсы алып, оқушылармен кездестірді. Балалардың қолдан жасаған бұйымдарын көрсетті. Бір ерекшелігі бұл мектеп-интернатта жалпыға ортақ білім берілумен қатар, арнайы кәсіп те үйретіледі екен. Мысалы, қоғамда сұранысқа ие етікші, шаштараз, жиһаз шебері сияқты кәсіптерді игеріп шыққан балаларға арнайы сертификат та табысталады.

Мешіт аталмыш оқу орнына бұған дейін кілем сыйлаған болатын. Бұл жолы Мәуліттің құрметіне демеушілік жасап “Есіл” мейрамханасы ұсынған қорап-қорап тәтті тағамдармен интернат тәрбиеленушілерін бір қуантып тастады. Әбілхан қажы мектеп ұжымы мен оқушыларына Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) туған айы Мәуліт жайлы әңгімелеп берді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp