«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СЕМИНАРДАҒЫ САБАҚТАР – жас ұстаздарға жәрдем

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Аймангүл ЕСМАТОВА,

“Парасат” мектеп-лицейінің мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі.

“Парасат” мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімдері аудандық семинар өткізді. Шара барысында ашық сабақтар өткізіліп, сынып жетекшісіне көмек ретіндегі “Жаңа үлгідегі ата-аналар жиналысы” әдістемелік құралының тұсауы кесілді.

Семинарға жиналғандар назарына ашық сабақтар ұсынылды. Жас ұстаздарға баланың ойлау қабілетін арттыруға бағытталған жаңа технологияға құрылған сабақтар үлгілері көрсетілді. Аудандағы бастауыш сынып мұғалімдеріне сауат ашудан берген ашық сабағымда балаларды “М” дыбысы және әрпімен таныстырдым. Ертегі кейіпкерлерін қатыстыра отырып, өткізген “саяхат” сабағында оқушылар ойнай отырып, ойлау мүмкіндігін алды. Балалар ертегі кейіпкерлерінің тапсырмаларын орындау арқылы “М” дыбысымен және әрпімен танысты. Дыбыстың сөз ішінде кездесу ретін “Қай буынды жоғалттым?” ойыны барысында меңгерді.

Білім ошағында жыл бойы әдістемелік бірлестіктер мұғалімдерінің ұйымдастыруымен осындай мектеп-ішілік, аудан көлеміндегі шаралар өткізіліп тұрады. Семинарда “Парасат” мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімдері Бақыт Қаражанова, Баян Ғарипова, Бақытжан Байғазина да өздерінің тәжірибелерімен бөлісті.

Сонымен қатар шара барысында бастауыш сыныптардың мұғалімдері мен тәрбиешілеріне көмек ретінде шығарылған “Жаңа үлгідегі ата-аналар жиналысы” әдістемелік құралының тұсаукесері өтті. Оны бастауыш сынып мұғалімдері Баян Ғарипова, Бақытжан Байғазина және мен үшеуіміз бірлесіп құрастырдық. “Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” АҚ филиалы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының оқытушылары Әлима Қабденова мен Қарашаш Жамантаева әдістемелік құралды құрастыру кезінде бізге жетекшілік жасап, бағдар беріп отырды.

Қызылжар ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp