«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨТКЕН ЖЫЛҒЫ ҰРЛЫҚ АШЫЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Шал ақын ауданындағы Жаңасу ауылында 2012 жылдың желтоқсан айында жасалған ұрлықтың беті ашылды. Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен осы ауылдың 1988 жылы туған тұрғыны айыпталып отыр.

Аудан орталығынан 45 шақырым жерде орналасқан Новопокровка ауылының тұрғыны полицияға шағымданған. Жәбірленуші Жаңасу ауылында орналасқан “ТНС – 2020” серіктестігінің бидай кептіру станциясының басқарушысы болып қызмет атқарады екен. Арызданушының сөзінше, 2012 жылдың 22 желтоқсан күні түнгі сағат 2-лер шамасында белгісіз біреу жабулы ғимараттың ішіне құлыпты бұзып кіріп, ішіндегі бағасы 25 мың теңгені құрайтын екі ток қозғалтқышын жымқырып кеткен екен.

Ақпарат жинау барысында тәртіп сақшылары Жаңасу ауылының ата-анасымен бірге тұратын, ешқайда жұмыс істемейтін 24 жастағы тұрғынын әшкереледі. Тергеу барысында кінәсін мойындағысы келмеген күдіктінің қорасынан жоғалған екі ток қозғалтқышы табылды. Бұған дейін істі болмаған күдікті ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды. Бұл іс сотқа дейін жеңіл түрде қаралатын болады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp