«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЛАҚАНЫ АШЫҚ ЖАНДАР өңір спортшыларына демеушілік жасады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңіріміздегі “Энергострой құрылыс басқармасы” ЖШС-і спортты дамытуға қолдау көрсету мақсатында көркем гимнасшыларға 700 мың теңгенің спорт жабдықтарын сыйға тартты.  

Аталған қаражатқа 12 доп, 12 шеңбер, 12 жұп күрзі және тағы басқа спорт жабдықтарын сатып алған солтүстікқазақстандық энергетиктер сый-жоралғыларын спортшыларға салтанатты түрде табыс етіп, серіктестік атынан сөз алған Қайрат Әбілев мұндай игі істі өңірімізде спортты дамыту үшін жасап отырғандығын жеткізіп, сондай-ақ спортшыларымыздың сайыстарда жеңіс тұғырынан көрінулері үшін алдағы уақытта да қолдау жасап тұратындықтарын айтты.

Шара барысында былтыр Шымкент қаласында өткен ел чемпионатында топтық жаттығу көрсетуде бірінші орынды жеңіп алған “Виктория” балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері, апалы-сіңлілі Екатерина мен Елизавета Завацкаялар жаңа спорт жабдықтарының бірі – күрзіні өздерінің спорттық нөмірлерінде сынап та көрді. Себебі, бұл олардың қолдары жетпей жүрген жабдықтары еді. Екатерина мен Елизаветаның көркем гимнастикамен айналысып жүргендеріне 10 жылдай болған екен.

200-ден астам спортшы тәрбиелеп отырған гимнастикадан балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінің директоры Серікбай Сүлейменов қонақтарға алғысын жеткізген соң көркем гимнасшылар жаңа спорт құралдарын пайдалана отырып, жаттығулар көрсетті.

Көркем гимнасшылар сол күні Алматы қаласында өтетін көркем гимнастикадан ел біріншілігіне аттанып кетті.

(Өз тілшімізден).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp