«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

РАХМЕТ, РАУШАН!

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жуырда №1 қалалық емхана ұжымы бірінші санатты медбике Раушан Жүсіпованы құрметті еңбек демалысына шығарып салды. Салтанатты мерекелік шарада емхананың бас дәрігері Александр Лярский мен оның әріптестері Раушан Құрманғалиқызының еңбекқорлығы мен кәсібилігі жайында сөз етті.

Анна КУЧЕРЕНКО,

зейнеткер.

Ол – Петропавл қаласында орналасқан медициналық колледжінің түлегі. Еңбек өтілі – 38 жыл. 26 жыл бойы учаскелік медбике болып қызмет етті.

Мен оның емделушілерінің бірімін. Өмірімде осындай адамды кездестіргеніме ризамын. Раушан Құрманғалиқызы табиғатынан медбике болу үшін жаратылған жан. Ол – менің өмірімді сақтап қалған адам. Бір қарағанда, медбике мамандығы қарапайым көрінеді. Бірақ адамның өмірі сол медбикенің біліктілігіне тікелей байланысты екендігі құпия емес. Өйткені, медбике адам өмірі үшін күресуші, денсаулығының жанашыры ғой. Жоғары біліктілігін, қарапайымдылығы мен ілтипатын, кең жүрегін ол науқастарына арнап, олармен тез тіл табыса біледі.

Раушан Құрманғалиқызы көп жылдар бойы менің денсаулығымды күзет орнында тұрған сарбаздай қорғағаны үшін қарыздармын. Сол үшін сан мәрте алғысымды білдіргім келеді.

Менің бойыма кенедей жабысқан дерттерім жетерлік. Созылмалы бронхит дерті өкпемді жегідей жеп келе жатқанына да көп болды. Демікпем ұстап, қиналған тұсымда Раушан Құрманғалиқызы сөзімді екі етпей, бірден көмекке келеді. Менен өзге емделушілеріне де әрдайым көмек қолын созуға дайын. Қыс демей, жаз демей медициналық көмекті қажет ететін үйдің жанынан әрқашан табылатын медбикенің күнделікті жасайтын ерлігі өскелең ұрпаққа үлгі боларлық. Ол өзінің адамгершілігінің арқасында барлық емделушілерінің жүрегінде тек жақсы естеліктермен сақталары сөзсіз. Құрметті демалысына шығарында Раушан Жүсіповаға емделушісі ретінде тек зор денсаулық, бақытты ғұмыр тілегім келеді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp