«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТ ТОБЫ “Қазақстан – 2050” Стратегиясын түсіндіруге келді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

 

Бұрнағы күні өңірімізге Елбасының “Қазақстан – 2050” Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” Жолдауын түсіндіру мақсатымен ҚР Дін істері жөніндегі агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф бастаған республикалық ақпараттық-насихат тобы келді. Алдымен астаналық меймандар облыс активімен кездесті.

Арайлым СМАҒҰЛОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Облыс әкімі Самат Ескендіровтің айтуынша, өңірімізде 690 адамды жұмылдырған 15 ақпараттық-насихат тобы жұмыс істейді. Сондай-ақ 216 ауылдық ақпараттық-насихат тобы бар. Бекітілген аудандарға шығу Бірыңғай ақпараттық күн аясында ай сайын жүзеге асырылады. Аталмыш топтардың жұмысын жандандыру үшін әдістемелік құралдар мен Жолдау мәтіні жазылған кітапшалар басылып шығарылған.

 

Облыс активінің алдында сөйлеген ҚР Дін істері жөніндегі агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф Жолдаудың негізгі бағыттарына тоқтала келіп, өткен жылы атқарған жұмыстарын баяндады. Яғни, діни ұйымдарды қайта тіркеуден өткізу шарасы барысында 17 конфессияның 3 мыңнан аса ұйымы қалғанын, енді елімізде миссионерлердің жұмыс істеуі реттеліп, діни кітаптардың таралуы бақылауға алынатындығын айтты. Өткен жылы Дін істері жөніндегі агенттігінің мамандары 4 мыңнан астам діни кітапты сараптамадан өткізген. Сондай-ақ бүгінде тұрғындардың діни сауаттылығын ашу үшін 170 ақпараттық-насихат тобы жұмыс істеуде.

Ал Көлік және коммуникация министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитетінің төрағасы Ризат Нұршабеков Елбасының тапсырмасы бойынша өздерінің қандай жұмыс атқарып жатқандығын баяндады. Сөз арасында Петропавл халықаралық әуежайын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілетіндігін және мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы салынатындығын айтты.

Мінбеге көтеріліп, елдің сыртқы саяси ахуалына сараптама жасаған Сыртқы істер министрлігі Сыртқы саясатты талдау және болжау жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Серік Әлібаев еліміздің тұрақты дамуы үшін еш кедергі жоқ десе, Білім және ғылым министрлігінің өкілі Ләззат Бөлебаева оқу-ағарту жұмысына қатысты тапсырмалардың жүзеге асырылу барысына тоқталды. Елбасының “Қазақстан – 2050” Стратегиясында: “Мемлекетіміз бен қоғамымыз жетімдерді асырап алуды және отбасылық үлгідегі балалар үйлері салынуын көтермелеуі қажет”, – деген болатын. Қазіргі таңда елімізде 34 мыңнан астам жетім бала болса, оның 10 мыңнан астамы интернат ұйымдарында тәрбиеленуде. Соңғы 12 жылда 44470 бала асырап алынған. Оның 35148-ін асырап алғандар – өз еліміздің азаматтары. Осы орайда Елбасының жетім балаларды асырап алушыларға көмек көрсету қажет деген тапсырмасы маңызды, деді өз сөзінде Ләззат Бөлебаева.

Аталмыш республикалық ақпараттық-насихат тобы жұмыс сапарлары барысында тұрғындармен, еңбек ұжымдарымен кездесіп, денсаулық сақтау, білім беру, ауыл шаруашылығы және өндіріс саласы нысандарын аралайтын болады.

Суретті түсірген

Талғат ТӘНІБАЕВ.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp