«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАЛ ТҮСТЕ КӨЛІК ТОНАҒАН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлдық жедел уәкілдер бірнеше сағат ішінде көлік тонау қылмысының ізін суытпай ашты. Қылмыс жасаған күдікті ұсталды.  

“Молсоюз” ЖШС “ГАЗель” көлігінің жүргізушісі “темір тұлпарын” 10-15 минутқа көшеде қалдырып, жұмыс бабымен кетіп қалған. Тапа тал түсте көлігінің кілтін бұзып, тонап кетерін ол, тіпті, ойламағанды. Алайда, көлігіне қайтып келгенде есігінің ашық жатқанын және оның ішіндегі жеке заттарының: навигаторы мен аккумуляторының, киімінің жоғын байқаған. Сөйтіп, тез арада тәртіп сақшыларына хабарласқан.

Жәбірленушіні таңғалдырғаны – қылмыстың санаулы сағаттар ішінде ашылғандығы. СҚО ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес және криминалды полиция басқармалары қызметкерлері мен олардың қалалық әріптестері қырағылық таныта білді. Ұсталған азамат бұған дейін есірткі сақтау және ұрлық үшін істі болған 31 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Ұрлап алған күртешемен қала ішінде сайрандап жүрген күдікті тез арада тәртіп сақшыларының қолына түскеніне аңтаң болған.

Күдікті жасаған қылмысын бірден мойындады. Бұлтартпас айғақтар осыған дәлел. Оның қалтасынан навигатор тәркіленді, ал аккумуляторды қаладағы көлікке қызмет көрсету орталықтарының біріне сатып жіберген екен. Ұрланған заттардың барлығы иесіне қайтарылды.

СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp