Петропавл қаласының тұрғыны Елена Гунгера СҚО ІІД криминалды полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Ерлан Арынғазинов пен полицейлер, аға сержант Руслан Мусин мен Владимир Моисеевке алғыс білдіруде.
Хат иесінің айтуынша, осыдан бір апта бұрын оның байланыс құралын бейтаныс біреулер жымқырған екен. Телефонын тауып берер деген үмітпен жәбірленуші полиция қызметкерлеріне келіп арызданған. Бір апта өтер-өтпесте тәртіп сақшылары Еленаға қуанышты хабарды жеткізген.
Полиция қызметкерлері жедел іздестіру шаралары барысында телефонды ұрлаған адамды анықтап, телефон иесіне қайтарылды. Бұл жүргізілген жедел-алдын алу шарасы жәбірленушінің көңілінен шықты. “Тәртіп сақшыларының қызметтеріне жеміс пен қызмет бабымен өсе берулерін тілеймін. Сіздерге үлкен рахмет!” – делінген Елена Гунгердің хатында.
СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.