Жастар арасында сайлау институтын елге әйгілеу, сондай-ақ сайлаушылар мәдениеті деңгейін, жас сайлаушылардың қоғамдық-саяси белсенділігін арттыру және шығармашылық әлеуетін жүзеге асыру мақсатында 2013 жылғы 10 қаңтар – 31 мамыр аралығында Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттары арасында Қазақстан Республикасындағы сайлау құқығы мен сайлау үдерісі мәселелері жөніндегі таңдаулы туындыларға конкурс өткізіледі.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2013 жылғы 9 қаңтардағы №1/192 қаулысымен конкурс туралы ереже бекітілді (қаулының мәтіні “Егемен Қазақстан” мен “Казахстанская правда” газеттерінің 2013 жылғы 11 қаңтардағы нөмірлерінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Интернет-ресурсында жарияланды).
Конкурс екі кезеңде өткізіледі: облыстық деңгейде (2013 жылғы 10 қаңтар – 15 сәуір) және республикалық деңгейде (2013 жылғы 10-31 мамыр).
Конкурсты облыстық деңгейде өткізу үшін құрамы мынадай қазылар алқасы құрылды:
Қазылар төрағасы:
Жасұлан Кенжебайұлы Қазбеков, облыстық сайлау комиссиясының мүшесі.
Қазылар алқасының мүшелері:
Николай Николаевич Петров, Петропавл қалалық сайлау комиссиясының төрағасы;
Виктор Викторович Молодовский, жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың бастығы;
Татьяна Вячеславовна Еланидзе, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің “Юриспруденция” кафедрасының аға оқытушысы;
Бауыржан Рақымғалиұлы Шериязданов, Ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары.
Конкурс туындылары 2013 жылғы 2 сәуірге дейін мына мекенжай бойынша қабылданады: Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 38-үй, 41-бөлме.
Анықтама үшін телефоны: 8 (7152) 46-67-63.
Облыстық сайлау комиссиясы.