«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 18.02.2013

ОҢТҮСТІК КОРЕЯДАН ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ

Оңтүстік Кореяда өткен бүкіләлемдік мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы олимпиадалық қысқы ойындарға коррекциялық №2 мектеп-интернаттың 4 баласы қатысып, жүлделі орындар алып келді. Олар бір алтын, бір күміс және екі қола медальға ие болып, Корей жерінде төрт мәрте Қазақстанның Туын асқақтатып, Гимнін шырқатты.   Ләйла ЖАНЫСОВА, “Солтүстік Қазақстан”. Қазақстанның құрама командасында 28 адам болған, соның ішінде …

ОҢТҮСТІК КОРЕЯДАН ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ Read More »

ЖАС БАСКЕТБОЛШЫЛАР БӘСЕКЕСІ

Қанат АТАМАНОВ, “Солтүстік Қазақстан”. Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының мұрындық болуымен Қызылжардағы “Барыс” балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне қарасты “Қарасай” стадионының спорт залында өңірлік БЖСМ тәрбиеленушілері арасында баскетболдан облыстық чемпионат өтті. Жеткіншектердің басын тоғыстырған сайыста барлығы 14 команда, 160-тан астам спортшы өзара сынға түсті. Екі күнге созылған шараның қорытындысы бойынша қызылжарлық “Барыс І” …

ЖАС БАСКЕТБОЛШЫЛАР БӘСЕКЕСІ Read More »

“ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ” бас жүлдені бапкеріне байлады

Өткен сенбі күні облысымыздың спорт өмірінде елеулі оқиға болды. Өңірімізде қазақ күресінің өрлеп, өркендеуіне айтарлықтай үлес қосқан балуан – спорттың осы түрінен облыстың бас жаттықтырушысы, ұлттық спорт түрлері мектебінің директоры Есләмбек Бекмұрзиннің алпыс жасқа толуына орай республикалық жарыс өтті. Зейнолла ӘКІМЖАНОВ, “Солтүстік Қазақстан”. Қаламыздағы белдесулерге Астана, Көкшетау қалаларынан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Ақмола, Жамбыл, Қостанай, …

“ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ” бас жүлдені бапкеріне байлады Read More »

ЖЕТІМДЕР ДЕ ЖЕТІЛЕДІ Түлектердің кездесуі осыны көрсетті

Анна КУЧЕРЕНКО, зейнеткер.   Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған облыстық мектеп-интернат түлектерінің жыл сайынғы дәстүрлі кездесуін білім ошағының директоры Ризабек Кәкпенов ашты. Ол бұған дейін жоғары оқу орындары мен орта арнаулы білім беру мекемелеріне түскен түлектеріне тоқталды. 2006-2012 жылдар аралығында мектеп-интернатты бітіргендердің 102-сі оқуға түскен. Оның 40-ы – жоғары оқу орнында, 45-і – …

ЖЕТІМДЕР ДЕ ЖЕТІЛЕДІ Түлектердің кездесуі осыны көрсетті Read More »

МОЛАНЫ ҚОРЛАҒАН АЙУАН

Ерлан МАХМЕТОВ, СҚО ІІД баспасөз қызметінің инспекторы. Тәртіп сақшылары Петропавл қаласы Жұмысшы кентіндегі зираттардың бірін қорлады деген күдікпен 35 жастағы қала тұрғынын ұстады. Ол моладан темір шынжырларды ұрлаған екен. Жұмысшы кентінің тұрғыны шамамен кешкі 6-лар шамасында тым ауыр сөмке сүйретіп бара жатқандықтан, кезекшілік атқарып жүрген патрульді полиция қызметкерлері назарына іліккен. “Дорбада не бар және оны …

МОЛАНЫ ҚОРЛАҒАН АЙУАН Read More »

РЕФОРМАЛАУ НӘТИЖЕСІНДЕ Әділет министрлігі қызметіне елеулі өзгерістер енгізілді

Тәуелсіздік жылдарында құқық қорғау органдары жүйесінің реформалануымен қатар Әділет министрлігі қызметінде де бірқатар өзгерістер енгізілді. Министрлікті қайта жасақтау, өзгерту – солардың бірі.   Жанболат САМАШЕВ, Петропавл қаласы әділет басқармасының бастығы. Мәселен, бүгінгі күні Әділет министрлігіне қарайтын “АХАТ пункті” ақпараттық жүйесі енгізіліп отыр және ол сәтті жұмыс icтeп келеді. Бұл жүйе ТМД елдерінде жоқ. Оның көмегімен …

РЕФОРМАЛАУ НӘТИЖЕСІНДЕ Әділет министрлігі қызметіне елеулі өзгерістер енгізілді Read More »

ОН ЕКІ МАМАНДЫҚ беретін озық колледж

Өткен жылы республикалық “Алтын сапа” сыйлығын алуға арналған байқауға белсене қатысып, Қызылжар өңірінен Президент Әкімшілігінің Басшысы Кәрім Мәсімовтің Алғыс хатына ие болған 10 өндіріс орны мен мемлекеттік мекеменің бірі – Борки кентіндегі Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі. Соған орай тарихы сонау 1944 жылы желтоқсан айында тракторшылар мен бригадирлер даярлау мақсатында құрылған ауыл шаруашылығын механикаландыру мектебінен бастау …

ОН ЕКІ МАМАНДЫҚ беретін озық колледж Read More »

ПАРАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС бірлескен іс-қимылды қажет етеді

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментте “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шеңберінде мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің өзара іс-қимыл мәселелері” тақырыбында “дөңгелек үстел” өтті.   Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА, “Солтүстік Қазақстан”. Жиын барысында СҚО ТЖД бастығының орынбасары Александр Швецов аумақтық орган жанынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде Қоғамдық кеңес құрып, әлеуметтік кеселдің алдын алу бойынша аталмыш департаменттің кәсіпкерлермен ынтымақтастығы …

ПАРАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС бірлескен іс-қимылды қажет етеді Read More »

ЖАЛҒАН ТЕРРОРШЫЛАР жазаға тартылу үстінде

Асқар ЖҮНІСОВ, облыстық прокуратураның экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет жөніндегі бөлімнің аға прокуроры. Терроризммен күрес бүгінгі күннің маңызды мәселесіне айналған шақта, екінші бір “бас ауруы” пайда болды. Ол – терроризм актілері туралы жалған ақпарат. Бұл індеттен еліміз де ада емес. Соңғы уақытта елімізде “жалған терроризм” оқиғалары, яғни адамдар көп жүретін қонақүй, сауда үйлері, банк, мектеп …

ЖАЛҒАН ТЕРРОРШЫЛАР жазаға тартылу үстінде Read More »

ҚАЖЫНЫҢ ҚАРЫЗЫН ҚАЙТАРМАУЫ ҚАЛАЙ?

Жамбыл ауданындағы “Ақан” жеке шаруа қожалығының жетекшісі Төлеген Жүсіпов қажы атағы бар борышкерден он жылдан бері алашағын ала алмай, үш бірдей жерге шағымдануға мәжбүр болып отыр. Оның біреуін ол облыстың прокурорына, екіншісін “Қызылжар” орталық мешітінің бас имамына және тағы бірін біздің редакциямызға жолдаған. Ондағы ойы прокуратура борышкерге заң жүзінде талап қойып, қарызын өндіріп алуға көмегі …

ҚАЖЫНЫҢ ҚАРЫЗЫН ҚАЙТАРМАУЫ ҚАЛАЙ? Read More »

ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІКТЕР тарихи Отандарынан инвесторлар тартса игі

Жұма күні Достық үйінде “Ұрпақ” қазақ мәдени-ағарту орталығы “Солтүстік” әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясымен бірлесіп “Өңірімізде инвестициялық жұмысты дамытуға этномәдени бірлестіктердің қатысуы” тақырыбында семинартаныстырылым өткізді. Арайлым СМАҒҰЛОВА, “Солтүстік Қазақстан”. Аталмыш шараға жиналған этномәдени бірлестіктердің жетекшілеріне инвесторларға қызмет көрсету орталығының директоры Амантай Жүсіпов көздеп отырған мақсатты түсіндірді: – Еліміздің индустриялық-инновациялық стратегиясы аясындағы маңызды бағыт – экономиканың тартымды секторларына инвестиция …

ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІКТЕР тарихи Отандарынан инвесторлар тартса игі Read More »

ӘБІЛӘЗОВТІҢ ӘЗӘЗІЛДІГІ

“БТА Банктің” бұрынғы басшысы Мұхтар Әбіләзов қазіргі күні Швейцарияда жасырынып жүр деген әңгіме тарағалы да біраз болды. Әбіләзовтің өз елі түгілі, енді шетелдердің де бірінен соң біріне қашқаны, Швейцарияға барып жасырынғаны оған қатысты әлі талай былықтың ашылатынын көрсетеді. Ал арада қанша уақыт өтсе де, қандай жағдай болса да “БТА Банктің” өкінішті тағ­­­дыры қазақстандықтар есінен оңай­лықпен …

ӘБІЛӘЗОВТІҢ ӘЗӘЗІЛДІГІ Read More »

ПОЛИЦЕЙЛЕРДІҢ ЕРІКТІ КӨМЕКШІЛЕРІ көшеде кезекшілік атқарады

Облыстық ішкі істер департаментінде қоғамдық құрылымдардың жұмысын талқылауға арналған кеңес өтті. Ерлан МАХМЕТОВ, СҚО ІІД баспасөз қызметінің инспекторы. Полиция қызметкерлерінің басты міндеті – қоғамдық тәртіптің сақталуын қадағалау. Алайда, қарапайым тұрғындардың өздері де тыныштықтың бұзылмауына үлес қоса алады. – Көптен бері “Көршілер бақылауы” атты бағдарлама жұмыс істеуде. Осында жиналған барлық мекемелермен бір адамдай жұмылып осы ортақ …

ПОЛИЦЕЙЛЕРДІҢ ЕРІКТІ КӨМЕКШІЛЕРІ көшеде кезекшілік атқарады Read More »

БІЗ – ДОСТЫҚПЕН ГҮЛДЕНГЕН ЕЛМІЗ!

Студенттік күндерімнен бастап “Әлем елдерінің анықтамалығының” жыл сайын шығарылатын жинақтарын оқуға құмартушы едім. Бұл әдет – әлі де өмірлік серігім. Осы жинақтарды оқи отыра, әлемнің ірілі-ұсақты мемлекеттерінің ешқайсысының да бір ғана ұлттың мекені еместігіне көзім жетті. Бес құрлықтың қай елін алсаң да, бірнеше ұлттар мен ұлыстар тұрмыс кешеді, сондай-ақ тілдер мен діни конфессиялар тоғысқан. Зейнолла …

БІЗ – ДОСТЫҚПЕН ГҮЛДЕНГЕН ЕЛМІЗ! Read More »

ТҮРКІМЕНСТАНДА БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙРЫЛҒАН 7 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БОСАТЫЛДЫ

Түркіменстанда сотты болған 7 қазақстандық бостандыққа шықты. Бұл туралы кеше брифинг барысында ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Жанболат Үсенов мәлім етті.   Еске сала кетсек, 2012 жылғы 19 қазан күні Түркіменстан шекара қызметі Қазақстанның 7 азаматын ұстап, оларға мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтті деген айып тағылған еді. Оның ішіндегі 4 азамат – Маңғыстау облыстық …

ТҮРКІМЕНСТАНДА БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙРЫЛҒАН 7 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БОСАТЫЛДЫ Read More »

АҚБҰЛАҚТЫҚТАР АУЫЗБІРЛІКТІҢ АРҚАСЫНДА қыс қиындықтарын жеңе білуде

Лариса ВИННИЧЕНКО.   Биылғы қыс соңғы жылдарға қарағанда қарлы, боранды және аязды болып тұр. Осының өзі қалалық қызметтерді де, сол сияқты ауылдықтарды да қарбалас жұмыс істеуге мәжбүр етіп отыр. Әсіресе, соңғыларға қиын соғатын түрі бар: көктемнің ауылы болса әлі алыс, малдың жемшөбі де тығырыққа тірердей күйде. Ақбұлақ ауылдық округі облыстағы ең шалғай аумақтардың бірі саналатын …

АҚБҰЛАҚТЫҚТАР АУЫЗБІРЛІКТІҢ АРҚАСЫНДА қыс қиындықтарын жеңе білуде Read More »

ҰЛТТЫҚ ҒАРЫШ АГЕНТТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ облысымызға жұмыс сапарымен келді

Арайлым СМАҒҰЛОВА, “Солтүстік Қазақстан”. Жұма күні өңірімізге жұмыс сапарымен Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев пен Парламент Сенатының депутаты Анатолий Башмаков келді. Олармен болған кездесу барысында облыс әкімі Самат Ескендіров ғарыш саласының отандық үлгісін дамытудың маңыздылығына тоқталып, еліміздің халық қаһарманы, Ресей Батыры, ұшқышғарышкер Талғат Мұсабаевқа сөз берді. Ол өз кезегінде Ұлттық ғарыш агенттігінің жұмысына тоқталып, …

ҰЛТТЫҚ ҒАРЫШ АГЕНТТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ облысымызға жұмыс сапарымен келді Read More »