«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАС БАСКЕТБОЛШЫЛАР БӘСЕКЕСІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының мұрындық болуымен Қызылжардағы “Барыс” балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне қарасты “Қарасай” стадионының спорт залында өңірлік БЖСМ тәрбиеленушілері арасында баскетболдан облыстық чемпионат өтті. Жеткіншектердің басын тоғыстырған сайыста барлығы 14 команда, 160-тан астам спортшы өзара сынға түсті.

Екі күнге созылған шараның қорытындысы бойынша қызылжарлық “Барыс І” құрамасы өздерінің мықтылығын айғақтап, жеңістің биік тұғырынан көріне білді. Ал “Жеңіс” олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдерге мамандандырылған спорт мектебінің командасы екінші орынға тұрақтаса, “Барыс ІІ” жас баскетболшылары үшінші орынды қанағат тұтты.

Нәзік жандылар арасындағы бәсекеде сегіз команда шеберлік байқасты. Жеңімпаздарына келетін болсақ, Мамлют ауданының жастары алдына жан салмай, бірінші сатыға көтерілді. Тайынша ауданы мен “Барыс” құрамалары болса, екінші және үшінші орындарды өзара бөлісті.

Енді олар наурыз айының 1-7 күндері Ақмола облысының Щучье қаласында өтетін ел біріншілігіне дайындыққа кіріседі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp