«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ПОЛИЦЕЙЛЕРДІҢ ЕРІКТІ КӨМЕКШІЛЕРІ көшеде кезекшілік атқарады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық ішкі істер департаментінде қоғамдық құрылымдардың жұмысын талқылауға арналған кеңес өтті.

Ерлан МАХМЕТОВ,

СҚО ІІД баспасөз қызметінің инспекторы.

Полиция қызметкерлерінің басты міндеті – қоғамдық тәртіптің сақталуын қадағалау. Алайда, қарапайым тұрғындардың өздері де тыныштықтың бұзылмауына үлес қоса алады.

– Көптен бері “Көршілер бақылауы” атты бағдарлама жұмыс істеуде. Осында жиналған барлық мекемелермен бір адамдай жұмылып осы ортақ істі іске асыратын болсақ, қоғамдық тәртіпті сақтауда оң өзгерістерге қол жеткізетінімізге сенімдімін, – деді облыстың бас полицейі, полковник Мұрат Ұрұмханов.

Көпшілік алдында сөз алған облыс әкімінің орынбасары Фархад Қуанғанов Елбасының құқық қорғау органдары алдына қойған қоғамдық тәртіпті қадағалау жайлы тапсырмалары тек тұрғындардың қолдауымен ғана іске асатынын баса айтты. Сондықтан ІІД-нің бұл бастамасын қолдап, қаламыздың ірі мекемелерінде ерікті жасақтардың құрылғанына оң бағасын берді. Фархад Қуанғанов өзіне қойылған барлық сауалдарға жауап берді.

Жиын барысында туындаған сұрақтардың көбі полиция қызметкерлерінің ерікті көмекшілерінің жұмыс жоспары мен олардың қай полиция қосынына қарайтыны туралы болды. Ерікті жасақтарға нақты тапсырмалар берілді. Осылайша қала көшелерінде патрульді полициямен бірге қарапайым тұрғындар да қоғамдық тәртіптің сақталуын қатаң бақылайтын болады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp