«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТҮРКІМЕНСТАНДА БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙРЫЛҒАН 7 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БОСАТЫЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Түркіменстанда сотты болған 7 қазақстандық бостандыққа шықты. Бұл туралы кеше брифинг барысында ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Жанболат Үсенов мәлім етті.  

Еске сала кетсек, 2012 жылғы 19 қазан күні Түркіменстан шекара қызметі Қазақстанның 7 азаматын ұстап, оларға мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтті деген айып тағылған еді. Оның ішіндегі 4 азамат – Маңғыстау облыстық Ішкі істер департаменті көшіқон полициясының қызметкерлері.

Кейіннен Түркіменстанда ұсталған Қазақстан Республикасының 7 азаматына қатысты сот отырысы өтіп, сол елдің Қылмыстық кодексінің 214-бабы бойынша (мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту) түркімен соты Қазақстанның бір азаматын – 8 жылға, қалғандарын 7 жылға бас бостандығынан айырған еді.

Ресми өкілдің айтуынша, Қазақстан азаматтары Түркіменстандағы Қазақстан Елшілігінің Консулымен бірге Түркіменбашы қаласынан шығып кетті.

“Осы мүмкіндікті пайдалана отырып түркімендік тарапқа түсіністік танытып, біздің азаматтарымызды босатуға ықпал жасағандары үшін алғыс білдіреміз. Алдағы уақытта да қазақстандық-түркімендік шекара достық және татулық шекарасы болып қала береді деп сенеміз”, – дейді Ж. Үсенов.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp