«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕТІМДЕР ДЕ ЖЕТІЛЕДІ Түлектердің кездесуі осыны көрсетті

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Анна КУЧЕРЕНКО,

зейнеткер.

 

Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған облыстық мектеп-интернат түлектерінің жыл сайынғы дәстүрлі кездесуін білім ошағының директоры Ризабек Кәкпенов ашты.

Ол бұған дейін жоғары оқу орындары мен орта арнаулы білім беру мекемелеріне түскен түлектеріне тоқталды. 2006-2012 жылдар аралығында мектеп-интернатты бітіргендердің 102-сі оқуға түскен. Оның 40-ы – жоғары оқу орнында, 45-і – колледждерде, 17-сі кәсіптік-техникалық лицейлерде білімдерін жалғастыруда.

 

2010-2011 оқу жылында білім ошағынан 15 түлек қанат қаққан. Сол жылғы түлектердің жинағаны, ҰБТ-ның қорытындысы бойынша, барлық жылдармен салыстырғанда ең жоғары орташа ұпай – 87,3. 2011-2012 жылы бітірген 14 түлектің 5-еуі – жоғары оқу орнында, 8-і колледждерде оқып жүр.

Ризабек Кәкпенов СҚМУ-ға түскен мектеп-интернат түлектеріне берілген жақсы мінездемелерді оқып, оларға оқуларын табысты аяқтауға, еліміздің лайықты азаматтары және сұранысқа ие мамандық иелері болуларына тілектестік білдірді.

Шара барысында баскетболдан өткен қалалық спартакиадада қыздар арасында бірінші орын алған жеңімпаздарға және облыстық қысқы “Ақша қар” спартакиадасында футболдан екінші орын еншілеген 1996-1997 жылдары туған қыздар құрама командасына марапаттау қағаздары мен медальдарын табыстады.

Кездесу кешіне балалар құқығын қорғау жөніндегі департаменттің, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің, М.Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледж және медициналық колледждің өкілдері де қатысып, мектеп-интернаттың бұрынғы түлектері, қазіргі өздерінің студенттері жайлы жылы лебіздерін білдірді.

Бүгінде Мәскеу қаласындағы әлеуметтік-гуманитарлық институтта оқып жүрген Алена Евсеева, сондай-ақ СҚМУ-дің студенттері Назим Никифоров, Зарифа Дамирова, Алена Дубинскаялар да мектеп-интернат тәрбиешілері мен педагогтеріне алғыстарын жеткізді. Кездесуге келгендердің қызықты әрі тебіреністі сәттері көп болды. Екатерина Лукина, Виктория Москвина, Майра Сембаева, Ирина Исмаилова өз отбасыларын құрыпты, олар кездесуге балаларын ертіп келді.

Білім ошағында балалардың оқып, тәрбие алуына, түрлі үйірмелерге қатысуларына барлық жағдай жасалған. Ата-аналарының орнын ауыстырған тәрбиешілері мен ұстаздары бүгінгі күні олардың нағыз сырлас достарына айналған. Сондықтан да болар, мектеп-интернат тәрбиеленушілердің өз араларында “Жылы үй” деп аталып кеткен.

Түлектер осындай кеш ұйымдастырып, балалық шақтарымен қауыштырған ұжымға алғыстарын білдірді. Шара соңында жиналған қонақтарға дастарқан жайылды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp