Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментте “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шеңберінде мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің өзара іс-қимыл мәселелері” тақырыбында “дөңгелек үстел” өтті.
Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА,
“Солтүстік Қазақстан”.
Жиын барысында СҚО ТЖД бастығының орынбасары Александр Швецов аумақтық орган жанынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде Қоғамдық кеңес құрып, әлеуметтік кеселдің алдын алу бойынша аталмыш департаменттің кәсіпкерлермен ынтымақтастығы туралы меморандумға қол қою қажеттігін алға тартты. “Бүгінгі күні парақорлық қылмыс жасауға итермелейтін барлық фактілер бойынша әр қызметкермен жекелей әңгіме өткізілді. Қарамағындағы қызметкер сыбайлас жемқорлыққа жол беретін болса, оның тікелей басшысы да міндетті түрде жауапқа тартылады”, – деді Александр Швецов.
Департаментте аталмыш тақырыпта кәсіпкерлермен “дөңгелек үстел” өткізіліп тұрады.