«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІКТЕР тарихи Отандарынан инвесторлар тартса игі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жұма күні Достық үйінде “Ұрпақ” қазақ мәдени-ағарту орталығы “Солтүстік” әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясымен бірлесіп “Өңірімізде инвестициялық жұмысты дамытуға этномәдени бірлестіктердің қатысуы” тақырыбында семинартаныстырылым өткізді.

Арайлым СМАҒҰЛОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Аталмыш шараға жиналған этномәдени бірлестіктердің жетекшілеріне инвесторларға қызмет көрсету орталығының директоры Амантай Жүсіпов көздеп отырған мақсатты түсіндірді:

– Еліміздің индустриялық-инновациялық стратегиясы аясындағы маңызды бағыт – экономиканың тартымды секторларына инвестиция тартуға облыстық ассамблея құрамындағы этномәдени бірлестіктердің назарын аудару. Тарихи Отандарымен тығыз байланыс орнатқан бірлестіктер шетелден инвестиция тартуға септігін тигізер деген үміттеміз. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация тарапынан ақпараттық-консультациялық қолдау тапқан этнобірлестіктер біздің тарихи Отандарындағы инвестор болуға әлеуетті кәсіпкерлермен тығыз байланыс орнатуымызға септігін тигізер еді, – деді ол.

Осы орайда шетелден келетін инвесторлардың өңірімізде қалыпты жұмыс істеуі үшін барлық жағдай жасалғандығын жеткізген Амантай Жүсіпов өзі басқарып отырған орталықтың осы үшін құрылғанын тілге тиек етті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp