«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘБІЛӘЗОВТІҢ ӘЗӘЗІЛДІГІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“БТА Банктің” бұрынғы басшысы Мұхтар Әбіләзов қазіргі күні Швейцарияда жасырынып жүр деген әңгіме тарағалы да біраз болды. Әбіләзовтің өз елі түгілі, енді шетелдердің де бірінен соң біріне қашқаны, Швейцарияға барып жасырынғаны оған қатысты әлі талай былықтың ашылатынын көрсетеді. Ал арада қанша уақыт өтсе де, қандай жағдай болса да “БТА Банктің” өкінішті тағ­­­дыры қазақстандықтар есінен оңай­лықпен шыға қоймас. Онда­ғы халықаралық дәрежедегі алаяқ Әбіләзов пен оның орасан көп компанияларындағы “дос­­­та­­­рының” жасаған қитұрқы әрекеттерін енді ешкімнің, тіпті, бірде-бір банктің басына бермесін делік. Өйткені, бірде-бір адамға осынша қысқа уақыт ішінде соншама орасан қаржыны талан-таражға салып, республика бойынша көлемі жағынан үшінші қаржылық институт болып табылатын банкті тақырға отырғызу, қолынан келмейді. Иә, бұл орайда оған жан-жақтан ақшаға қы­зыққандар қол ұшын бермегенде дейміз. Ал ондай “алтын көр­се періште жолдан таяды” дей­тіндердің қазір көп болғаны да, арсыз болғаны да енді көрініп жатыр.

 

Ал шындығында, бұдан бұрын да жазылғандай, Әбіләзов соңғы он жыл бойы қолына жинақталған ақпараттық және қаржылық қор­ларды тек өз еліне қарсы жұм­сап келеді. Алаяқтық амалмен жет­кілікті қор жинап алып, өзі­нің көтерілуі үшін тұғыр дайын­дай бастады, бұл үшін оған оның қар­жыландырылуындағы не­бір қулар мен журналистердің кө­мек­­тесіп те жатқаны бар. Бұған дә­лел, соңғы кездегі сараптама көр­сеткендей, сот төрелігінен қаш­қан ол қарсы күресте жал­ға­н­дықтың барлық амалын қолданып бағуда. Құқықтық аяда жұмыс істей алмайтындығын және істе­гі­сі де келмейтіндігін көрсетіп, Әбіләзов ашық өтірігін медиа-актив жүйелері арқылы бүркемелеп әлек.

Еске сала кетейік, өткен жы­­лы 34 салалық кәсіпкерлер ұйым­­дары қол қойған хатты қа­зақстандық кәсіпкерлер қа­уым­дастығы Қазақстанның, Ре­сей­дің, Ұлыбританияның және Швей­царияның құқық қорғау құрылымдары атына жіберді. Хат мазмұнында өз елінен 10 млрд. долларды ұрлап алған адам әлі күнге дейін бостандықта жүріп алып, сонысымен қоймай, құрметті азаматтар атына үздіксіз жала жабуды жалғастыруда.

Әбіләзов кезінде қазақстан­дықтар­­­­дың қалтасынан ұрлап алған қаржы­­­­­дан батыстық бас­­­пасөзде өзінің Ота­­­нының беделіне нұқсан келтіру үшін миллиондаған доллар төлеуде. Оның қылмыстық қаржысынан Қазақстандағы мемлекеттің беделін түсіруімен және өздерінің демеуші ұрыларын мадақ­таумен айналысатын бірқа­тар үкіметтік емес ұйымдар, құ­рылымы теріс ұйымдар мен бұ­қаралық ақпарат құралдары қар­жыландырылады.

Иә, Әбіләзовтің қылмыстық жолмен тапқан қаржысы өзінің елін қаралауға жұмсалып жатыр. Бұл орайда Әбіләзовке бағынышты журналистер жалдау-шыұрының кескінін суреттей отырып, өздеріне әлемдік қоғамдастық тарапынан ерекше назарды талап етуде. Ал бұл бағыттағы айқайшыл журналистердің саны да аз емес.

Алайда, кезінде сыбайлас жемқор­лықпен күреске білегін сыбана кіріскен, сөйтіп, енді қыл­мысы үшін елден қашып жүрген Әбіләзовке өздерінше “жанашыр” болған жандарға қайран қаласың. Бұл адамның олар осыдан бірнеше жыл бұрын немен айналысқанын ұмытып қалған болуы керек. Бірақ Қазақстанда Әбіләзовті әлі ешкім есінен шы­ғар­ған жоқ. Оның 90-шы жылдарда Қазақстанның энергетика сала­сындағы атқарған қызметінен-ақ көп нәрсені аңғаруға болады. 1997-1998 жылдары ол “КЕГОК” АҚ мемлекеттік компаниясын, кейін Энергетика, индустрия және сауда министр­лігін басқарған. 1997 жылдың шілде айында,­ “КЕГОК” АҚ президенті қыз­ме­ті­не тағайындал­­мас бұрын, ол “Айна Ком­па­ни” деп аталатын ЖШС Қостанай облысындағы “Қостанайасбест” АҚ кәсіпорнын сатып алды. Министр болып та­­ғайындалған соң, Әбіләзов энергетика саласындағы “сенімді адамдарын” пайдаланып, мемлекеттік кәсіпорынның қаржысын “Қос­танайасбест” арқылы өз қалтасына салудың жобаларын құрастыра бастайды. Сөйтіп, көп ұзамай “КЕГОК” акционерлік қоғамы оның алаяқтық амалдары салдарынан 557 665 683 теңге шығынға ұшырады. Осылайша, мемлекеттік қызметкер, Үкімет мүшесі, Энерге­тика, индустрия және сауда минис­трі бола тұрып, Әбіләзов тек же­ке басының ғана мүддесіне жұ­мыс істеді. Бірақ бұл заңсыз әре­кеттер елеусіз қалған жоқ. 2002 жылдың мамыр айында Мұхтар Әбіләзовке қатысты өткен сот үкімі бойынша ол 6 жылға бас бостандығынан айрылды. Со­н­ы­­мен қатар, сот Әбіләзовті 557 665 683 теңге көлемінде “КЕГОК” АҚ-ға тигізген шығынын өтеуді міндеттеді.

Ал “БТА Банк” бойынша, Мұхтар Әбіләзовтің алаяқтық істері елден шы­ғып, шетел асты. Қазақстандық банк­тің Мәскеудегі Кутузов даңғылында ғимараттары пайда болды. Бұл ғимарат жөнінде “БТА Банк” АҚ мен “АИСТ” ЖШҚ 2008 жылдың 7 қара­шасын­да ке­лісім жасаған. Бұл құжат бойын­ша, “АИСТ” ЖШҚ 24 миллион долларды несие ретінде “БТА Банктен” алып, Кутузов даң­ғылындағы 1464 шаршы метрлік ғимарат пен компанияның 100 пайыз үлесін үш айдың ішінде рәсімдеп, кепілдікке қоюы керек болатын. Бірақ “АИСТ” кепілдікке қою жөніндегі міндеттемелерін орындаған жоқ, ал несиеге алған ақшаны оффшорлық компаниялар арқылы шетел асырып жіберді. Өйткені, несие берілген кезде “БТА Банктің” де, “АИСТ” ЖШҚ-ның да иесі Мұхтар Әбіләзов болатын. Осылайша, Мұхтар Әбіләзов бастаған қылмыстық топ “БТА Банк” пен “Темірбанк” несие­лерін өздерінің фирмаларына үлестірген. Яғни, екі банктің қаражатын да, жоғарыда айтқанымыздай, аяусыз шашып талан-таражға салған.

Осының кесірінен өз қаржылық міндеттемелерін орындай алмайтын жағдайға жеткен “БТА Банктің” 2009 жылдың ақпан айында банк акциялары­­ның 78,14 пайызын “Самұрық-Қазына” Ұлттық қоры сатып алып, 2 миллиард доллардан астам қаражат құяды. Мұхтар Әбіләзов бастаған 12 адамға қатысты “БТА Банк” пен “Темірбанктің” 560 миллион доллар капиталын жымқырған деген айыппен қылмыстық із қозғалды. Бұған қоса, Ресей Федерациясы Ішкі істер министрлігінің Тер­геу комитеті де іс қозғады. Әбі­лә­зовке алаяқтық жолмен Ресей­де­гі “БТА Банктің” 70 миллион доллар активін қолды етті деген айып тағылып отыр. Оның үстіне, ол 2008 жылдың қараша-желтоқсан айларында Ресейдегі “БТА” “Ресей Банкінен” 24 миллиард рубль алып, ол қаражатты валютаға айырбастап, бір күндік фирмалар арқылы шетел асырған. Оның “Евразия” деп аталатын инвестициялық-өнеркәсіптік тобы “Согаз” сақтандыру тобына “Волна” деп аталатын бизнес-орталығын 140 миллион долларға сатып жіберген. Оның үстіне “БТА Банк-Казань” жаңа иелердің қолына өтіп кетті. Бұл қитұрқы әрекеттердің бәрі Мұхтар Әбілә­зовтің Ресейдегі мүлкін жанталаса жан-жақты жол іздеп қорғағанын айғақтай түседі.

Әлемге әйгілі “БТА Банкті” 1992 жылдан бері Украина да жақсы біледі. Қазақстандық “БТА Банк” пен “БТА Банк Украинаның” арасында украиналық банктің 39,99 пайыз акция­сына қатысты дау өршіді. Қазақстан жағы сатып алған акцияны өз қолында ұстап қалу үшін банктің атын да өзгертпекші болды. ТМД төңі­регіндегі салмақты банктердің бірін талантаражға салған Мұхтар Әбіләзовтің кесірінен қазір көр­ші­лес елде ұзаққа созылар даулы әңгімелер шығып жатыр. Ал Тұманды Альбионды паналаған Мұхтар Әбіләзовтің өзі “саяси тұтқын” мәртебесін алуға барын салып жүр. Бұл үшін жоғарыда айтылған өзі жалдаған жалған БАҚ арқылы Қазақстан билігінің беделін түсіруге әрекет етуде.

Әбіләзовтің жалдамалы бұқа­ра­­лық ақпарат құралдары өздерінің ұры-қожайындары туралы айтамыз деп қате басып, жалған жазып, жаза­­ға ұшырағандары да бар. Олар­ға сот шешімімен айыппұл да салынды. Алайда, Әбіләзов өзінің бас­тапқы жаса­ған қылмыстары үшін еңбекпен түзеу мекемесінде жазасын өтеп шыққан соң ол ақпараттық қол­даушыларының біра­зынан айрылды.

(“Егемен Қазақстан”, 2013 жылғы 14 қаңтар).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp