«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕТІ ЖЫЛҒА СОТТАЛҒАНЫ сабақ болмаған сыңайлы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлері бірнеше рет ұрлық жасаған адамды ұстады. Осы жолы кәнігі ұры бір тәулік ішінде үш бірдей ұрлық жасаған. 

Рузаевка ауылының 37 жастағы тұрғыны түзеу мекемесінен жақында ғана босап шыққан. Ол ұрлық жасағаны үшін жеті жылға сотталған болатын, алайда, мерзімін толық өтемей, уақытынан бұрын босатылған екен. Ол жұмыс іздеу барысында Урожайное ауылында тұратын бір әйелмен танысып, онымен көңіл қосқан. Ғашықтар күніне орай сүйіктісіне сый жасамақ болып, ауылдағы дәулетті үйлердің бірін тонаған. 4,5 мың теңге, екі жүз мың теңгеге жуық зергерлік бұйымдар мен пневматикалық тапаншаны жымқырған.
Жедел іздестіру шаралары барысында осы ауылдағы тағы бір үйден DVD плеердің жоғалғандығы туралы хабар келіп түскен. Күдіктіні іздестіру шарасы кезінде бұрын істі болған рузаевтық азаматтың бұл қылмысқа қатысы бар болуы мүмкін деген болжам жасалған. Полицейлер келген кезде ер адам үйінде болмай шыққан. Бірақ күдікті келесі күні тәртіп сақшыларының қолына түсті. Оның қылмысқа қатыстылығы бірден анықталды. Ұрлыққа қатысты бірқатар материалдар жиналып, қылмыстық істер қозғалды.
Ер адам бұл ұрлыққа сүйіктімнің де қатысы бар деп отыр. Айтуынша, әйел оған ауылда тұратын дәулетті адамдардың үйлерін көрсетіп, қай уақытта ұрлық жасау керектігін айтып отырған.
СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp