Алма МЫРЗАЛИНОВА,
М.Қозыбаев атындағы
“Әскери және дене тәрбиесі теориясы” кафедрасының меңгерушісі.
2013 жылы дене шынықтыру факультетіне 45 жыл толады. Алда осы факультеттің студенттерінің, оқытушылары мен түлектерінің жетістіктер деңгейін бағалауға мүмкіндік беретін халықаралық конференция, мамандықтар бойынша конкурстар, “Ашық есік күндері”, “Осызаманғы педагогтің беделі”, “Ұрпақтар эстафетасы” шоулары мен спорттық-бұқаралық, әскери-патриоттық кездесулер, тағы басқа кешенді шаралар ұйымдастырылады.
Осындай мерейтойлық шаралардың ішінде “Менің педагогикалық ноухауым” атты облыстық авторлық әдістемелік конкурсы да бар. Ол Солтүстік Қазақстан облысы мен Петропавл қаласының білім мекемелерінің бастапқы әскери дайындық педагог-ұйымдастырушыларына арналды.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Назарбаев Университетінде оқыған “Қазақстан білім қоғамы жолында” атты лекциясында әскери-патриоттық тәрбиенің маңызына тоқтала келіп: “Жас қазақстандық азамат дегеніміз – бұл тек құқық қана емес, бірінші кезекте өзі, өзінің отбасы және біздің Отанымыз үшін ұлы жауапкершілік екенін есте ұстаулары тиіс”, – деген болатын.
Сондықтан конкурстың мақсаты алғашқы әскери дайындық ұйымдарының Отанның қорғаушысы болуға орнықты қажеттілікті тәрбиелеуге бағытталған тиімді тәжірибесін анықтауды, талдап қорытуды және жүйелендіруді көздеді.
Конкурстың қатысушылары арасында өз ісіне шынайы берілген, азды-көпті жинақтаған тәжірибелері бар педагогтер бар. Олардың ұсынған материалдарының арасында шеберлік сыныптары, электрондық оқыту бағдарламалары, акциялар, авторлық дидактикалық материалдар, эссе, сабақ және сыныптан тыс шаралардың әзірлемелері болды.
Конкурсты ұйымдастырушы М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің дене шынықтыру факультетінің “Әскери және дене тәрбиесі теориясы” кафедрасының оқытушылары Ғ.Мүсірепов атындағы, Шал ақын, Жамбыл, Тайынша, Есіл, Қызылжар аудандарының бастапқы әскери дайын-дық пәні педагог-ұйымдастырушыларының шараға белсенді қатысуларына кәсіби тұрғыдан қанағаттанғандықтарын жасырмады. Сондай-ақ “Петропавл қаласы білім бөлімі” ММ жанындағы бастапқы әскери дайындық жөніндегі оқыту орталығы оқытушылары да шарадан тыс қалмады.
Конкурсқа ұсынылған материалдар түрлі үлгідегі білім беру мекемелерінен: Қызылжар және Петровка аграрлықтехникалық колледждерінен, жалпы білім беретін мектептерден, жаңа үлгідегі мектептерден (И.Шухов атындағы Прес-новка орта мектеп-гимназиясы) мемлекеттік және орыс тілдерінде түсті.
Конкурс қаңтардың 15-інен бастап ақпанның 15-іне дейін жүрді. Конкурстық комиссияның жемісті еңбегінен кейін “Бастапқы әскери дайындық” мамандығының студенттері оған қатысушылармен пәндік-тақырыптық кездесу өткізді.
Біздің университетте оқитындардың жоғары кәсіби дайындығы өнеркәсіппен, жұмыс берушілермен, тәжірибешілермен арадағы тығыз байланыстың арқасында қуатты әрі көңілге қонымды. Бұл жолғы кездесуде де студенттер конкурстық материалдармен, оларды дайындап, ұсынған авторлармен танысты. Өңірімізде әскери-патриоттық тәрбиеге тікелей жауапты-лармен бетпе-бет жүздесті. Оқушылардың қазіргі дәстүрлі әскери даярлығын таратушыларға қойылатын талаптары, бұл тәрбиенің сапасына жауаптылар жайлы олардың өз ауыздарынан естіп білді.
Конкурс соңында жүлдегерлерге дипломдар табысталды. 3-дәрежелі диплом – А.Әлдименовке (Қызылжар аграрлықтехникалық колледжі), С.Осокин мен А.Воронаға (Петропавл қаласы білім бөлімі жанындағы АӘД жөніндегі оқу орталығы), Ю.Паряевке (Қызылжар ауданы Большая Малышка ОМ), 2-дәрежелі диплом – У.Жолмұхановқа (Жамбыл ауданы Айымжан ОМ), Р.Бикметовке (Қызылжар ауданы, Бескөл №2 ОМ), Ю.Косинге (Жамбыл ауданы И.Шухов атындағы Пресновка орта мектеп-гимназиясы), 1-дәрежелі диплом – А.Остапенкоға (Тайынша ауданы Большой Изюм ОМ) бұйырды.
Аталым иелері өз жобаларында ерекше шеберлік көрсетті. И.Буняшин (Есіл ауданы Петровка аграрлық-техникалық колледжі) – “АӘД сабағын беруде көрнекілік қағидасын үздік жүзеге асырған”, С.Байпишев (Шал ақын ауданы Новопокровка ОМ) – “Мамандығына берілген”, А.Зилинский (Тайынша ауданы Келлер ОМ) – “Оқытудағы ақпараттық-комму-никациялық технологиялар”, Л.Лытнев Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Андреевка ОМ) – “АӘД жөніндегі сыныптан тыс жұмыстың сапасы” аталымдарында марапатталды. Осы аталымдарынан-ақ олардың жобалары қандай бағытта шебер қамтылғанын байқауға болады.
Бастапқы әскери дайындық пәнінің оқытушылары С.Аткелтіровке (Жамбыл ауданы Пресновка №2 ОМ), К.Есмиевке (Жамбыл ауданы Новорыбин ОМ), Т.Нұрахметовке (Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Раисовка ОМ), Б.Шәймерденге (Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Пески ОМ) шараларға қатысып, шығармашылық танытқандықтары үшін сертификаттар берілді.