Жұлдыз ЕСЕНҒАЗИН,
Есіл аудандық ТЖ бөлімінің бастығы, өртке қарсы қызмет подполковнигі.
Есіл ауданының әкімдігінде төтенше жағдай және су тасқынына қарсы іс-шаралар жөніндегі комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті. Оған осы жұмысқа жауапты бірқатар мекеме басшылары қатысты. Онда су тасқыны қаупі бар учаскелердегі қалыптасқан жағдай айтылып, аудан аумағында 2013 жылғы су тасқынына қарсы іс-шаралар пысықталды.
Жиында аудан әкімінің орынбасары, аудандық төтенше жағдай комиссиясының төрағасы Өтеген Жүсіповтің есебі тыңдалды. Өзінің хабарламасында ол комиссияның басты мақсаты адамдар өліміне жол бермеу, елді мекендер мен тіршілікті қамтамасыз ету объектілерін су басып қалудан сақтау, тасқынның тигізетін залалын азайту екендігін атап өтті.
Отырыс соңында аудан әкімі Ерік Нұрақаев комиссия мүшелеріне, ауылдық округтер әкімдеріне, аудан аумағында орналасқан шаруашылық субъектілері басшыларына көктемгі су тасқынына қарсы кешенді іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етуді міндеттеді.