«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

САУ МАЛДЫҢ ЕТІ ҒАНА саудаға шығарылады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Арайлым СМАҒҰЛОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Кеше облыс орталығындағы “Алтын арман” базарының ет бөлімінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің облыстық аумақтық инспекциясының бастығы Владимир Корабельников жергілікті БАҚ өкілдерімен кездесіп, Аққайың ауданындағы “Леонов” ШҚ мен “Полтавское” ЖШС-іне Австриядан әкелінген симменталь тұқымды ірі қараның бойынан аурудың табылуына байланысты, оларды жою шаралары аяқталуға жақын екендігін айтты. Сондай-ақ қала тұрғындарына базарларға сатылымға түскен еттердің жіті тексерілетіндігін жеткізді.

– Өңіріміздегі барлық мал басы сәйкестендіріліп, төлқұжатталады. Қазіргі таңда облысымыздан 130-дан астам бордақылау пункті мен алаңы жұмыс істейді. Ауылдық жерлердегі ветеринарлар малды сояр алдында және сойғаннан кейін тексереді. Осыдан кейін ветеринарлық анықтама беріледі. Малдың етіне базарға жеткізілгеннен кейін тағы да сараптама жүргізіледі. Жалпы облыс орталығындағы мал өнімдерін саудаға шығаратын 10 базарда осындай сараптама жасалады. Сондай-ақ аудандарда 17 кеңейтілген ветеринарлық-санитарлық инспекция жұмыс істейді. Онда да дәл осындай жұмыс атқарылады. Сол себепті сатылымға вирустық диарея және шмалленберг вирустары жұққан мал өнімі түспейді, – деген Владимир Корабельников қала тұрғындарын ет өнімдерін қорықпай тұтынуға шақырды.

Осы күнге дейін аталмыш екі шаруа қожалығында түрлі деңгейдегі 9 зерттеу жұмысы жүргізілген. “Леонов” ШҚ мен “Полтавское” ЖШС-індегі 15 ірі қарадан шмалленберг вирусы анықталған. Ал вирустық диарея өзі ғана адам денсаулығына қауіпсіз болса да, шмалленберг ауруымен қосылған кезде өте қауіпті көрінеді. Ендеше олардың көзін бүгін жойған дұрыс, деді ол.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp