«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“СҮЙЕМ-КҮЙЕМ…” ДЕП, КҮЙДІРІП ТЫНДЫ АҚЫРЫ…

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Айыртау АІІБ қызметкерлері аудан орталығының 23 жастағы тұрғынының үстінен қылмыстық іс қозғады. Ол өзімен бірге тұрған әйелдің үйін өртеп жіберген.
Саумалкөл ауылының 33 жастағы тұрғыны белгісіз біреулер үйімді өртеді деп полицияға шағымданған. Өрт салдарынан жиһаз бен киім-кешектері зақымданған. Материалдық шығын көлемі 500 мың теңгені құраған. Үй иесі өрт орын алған кезде ол үйде болмаған.
Арызданушының айтуынша, жақын арада оған бұрын өзімен бірге тұрған жігіті хабарласып, қорқытқан. Полицейлер өрт болған күні күдіктінің үйіне барғандарында оның мас болғанын анықтаған. Қайта қосылуды арман еткен ер адам ғашығына бірнеше рет сөз айтқанымен, әйел одан үзілдікесілді бас тартқан. Сөйтіп, ашуға булыққан жігіт жәбірленушіні қорқытпақ болған. Бір сағаттан кейін үй иесіне көршілері хабарласып, үйінің өртеніп жатқанын айтқан.
Қазіргі таңда аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті екі жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp