«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БИЗНЕС БІЛІММЕН ӨРГЕ БАСАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Даму” қорының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өңірлік филиалы шағын және орта бизнес кәсіпорындарының басшыларын Назарбаев Университетінің негізінде үш күндік тегін бизнес-курстарға қатысуға шақырады.

“Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасының 4-ші бағыты “Кәсіпкерлік әлеуетті күшейту” “Назарбаев Университеті” ААҚ негізінде шағын және орта бизнестің топ-менеджерлерін тегін оқытуды қарастырады. Оқыту үдерісі бизнесті жүргізуде туындаған мәселелерді өз бетімен шешу үшін машықтарды қалыптастыру мақсатымен бизнесті құрудың ең жаңа модельдерін зерттеуді, нақты бизнес-жағдайларды жобалауды көздейді.

 

Жобаға “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасының шеңберінде экономиканың басым бағыттарындағы салаларында өз қызметтерін жүзеге асырып жүрген, шағын және орта бизнес өкілдері болып табылатын компаниялардың жоғары және орта буындағы басшылары қатыса алады.

Аталған оқуларда жобаға қатысушыларға құндылықтарды қалай дұрыс жасау, тұтынушының сұранымын ескеру, өз бизнесіңізді бағалай білу, қандай амалдарды қолдану, сегменттеуді жүргізу, рынокты саралау, өз бизнес-жоспарыңызды таныстыру, ресурстар мен ықтимал инвесторларды біліктілікпен тарту туралы айтылады.

Жобаға қатысушылар оқу орнына дейін және кері қайтудың жолақысын және тұру шығынын өздері төлейді. Қатысушылардың оқығаны үшін шығындары республикалық бюджет қаржысы есебінен төленеді.

Талаптарға сай келетін және жобаға қатысуға ниет білдірген кәсіпкерлер СҚО, Петропавл қ., Ы.Алтынсарин к., 168/Б, 107-кабинеті мекенжайы бойынша “Даму” қоры” АҚ СҚО бойынша өңірлік филиалының “Шағын және орта бизнес топменеджментін оқыту” жобасына қатысуға өтінім бере алады. Өтінім жазбаша беріледі.

Өтінім түрін және оқудың жағдайлары туралы толық анықтаманы www.damu.kz. сайтынан көруге болады.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі – 2013 жылғы 1 наурызға дейін.

Қосымша ақпараттарды алу үшін 8 (7152) 46-31-81, 36-60-14 телефондарына немесе Gulmira Zhakupova@fund.kz. электронды мекенжайға хабарласуға болады.

“DAMU Start-Up” – ісін жаңа бастаған жандарға арналған жаңа жоба

“DAMU Start-Up” – өз бизнесін нөлден бастағысы келетін кәсіпкерлерге арналған бірегей кредиттік өнім және кәсiпкер ретінде тіркелгеніне 1 жылға дейінгі мерзімі бар ісiн жаңа бастаған кәсiпкерлердi қаржыландыру жөніндегі алғашқы бағдарлама болып табылады.

Енді, “Бизнес-Кеңесші” 2 күндік тегін оқыту курсын тыңдаушылар бизнесін құру үшін “БанкЦентрКредит” АҚ арқылы 20 млн. теңгеге дейін кредит ала алады. Сондай-ақ ісiн жаңа бастаған кәсiпкерлерге қарыз сомасынан 70% көлемдегі кепілдікті және жылдық 7%-ға дейінгі мемлекеттік субсидияны алу мүмкіндігі ұсынылады.

“DAMU Start-Up” өнімі бойынша кредит алудың басты шарты бизнес-жоба сомасынан 36% көлемдегі бастапқы капиталдың (депозит) болуы, бизнес-жоспар мен семинар-оқудан өткені туралы сертификаттың, сондай-ақ өткен оқу бойынша тест сынағын растайтын құжаттың бар болуы болып табылады.

Сонда кредит тест сынағы бойынша 75% және одан да жоғары нәтиже көрсеткен ісiн жаңа бастаған кәсiпкерлерге беріледі. Тест сынағын “Даму” қорының өңірлік филиалы ұйымдастырып, өткізеді. Тест сынағына “Бизнес-Кеңесші” жобасы бойынша оқытылған, ісiн жаңа бастаған кәсiпкерлер, сондай-ақ “Кәсіпкерліктің қысқаша курсы” бойынша өздігінен оқудан өткен және филиалға тестілеуден өтуге жазылған ісiн жаңа бастаған кәсiпкерлер жіберіледі.

Ісiн жаңа бастаған кәсiпкер оқудан келесідей өте алады:

1. Белгіленген кестеге сәйкес қор өткізетін “Бизнес-Кеңесші” жобасы шеңберіндегі “Кәсіпкерліктің қысқаша курсына” тікелей бару.

2. Банк немесе қор қызметкерінен “Кәсіпкерліктің қысқаша курсы” бойынша оқу-әдістемелік құрал жазылған CD-дискіні алып, өздігінен зерделеу.

3. www.damu.kz – қордың корпоративті сайтында орналастырылған оқу-әдістемелік құралды өздігінен зерделеу және “Кәсіпкерліктің қысқаша курсы” бейнекурсын тыңдау.

“DAMU Start-Up” өнімі туралы егжей-тегжейлі ақпаратты www.startme.kz сайтында алуға болады. Сұрақтар туындаған жағдайда 8 (7152) 59-57-86 телефоны бойынша (Ы.Алтынсарин к., 166 – “ЦентрКредитБанкі” АҚ филиалы) және 8 (7152) 36-60-14, 46-57-74 телефондары бойынша (Ы.Алтынсарин к., 168Б – СҚО бойынша “Даму” қоры” АҚ-ның филиалы) хабарласа аласыздар.

“Даму” АҚ өңірлік филиалы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp