«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАРЖЫЛАЙ ҚОЛДАУДЫҢ ЖАҢА ТҮРІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Тотыкамал ҚҰЛЖАНОВА,

СҚО кәсіпкерлік және өнеркәсіп

басқармасының бастығы.

2012 жылдан “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасы шеңберінде инновация енгізетін iciн жаңа бастаған кәсіпкерлерді гранттық қаржылай қолдаудың жаңа түрі қарастырылды.

Кәсіпкер ретінде тіркелгеніне бip жылдан аспаған және кәсіпкерлік қызметке байланысты кредиттік тарихы жоқ, iciн жаңа бастаған жеке кәсіпкерлік субъектілеріне нысаналы гранттар өтеусіз және қайтарымсыз негізде беріледі. Гранттар бірегейлігімен және жаңалығымен ерекшеленетін жаңа бизнес-идеяларды icке асыру үшін беріледі.

 

Бip кәсіпкер үшін ең жоғары грант сомасы 3,0 миллион теңгеден аспайды. Қаржыландыру конкурстық негізде республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Қызмет түрлері жағынан шектеу қойылмай, құжаттарын толық көлемде ұсынған шағын кәсіпкерліктің iciн жаңа бастаған субъектілері грант берудің конкурстық іріктеуіне қатыса алады.

2012 жылы бipiнші конкурс өтті, оған грант алуға 14 үміткер қатысты. Берілген өтінімдерге сәйкес iciн жаңа бастаған кәсіпкерлерге өз бизнес-жобасын icкe асыруға шамамен 37,0 млн. теңге талап етілді. Конкурс қорытындысы бойынша СҚО әкімдігі жанындағы Өңірлік үйлестіру кеңесі 6 жобаны құптады, оларды icкe асыруға 14,8 млн. теңге бөлінді.

Iciн жаңа бастаған кәсіпкерлер өз идеяларын нақты icкe асыруға кipiciп кетті және қосымша 2,9 млн. теңге басыбайлы қаражаттарын салуды жоспарлап отыр:

– Уәлиханов ауданында виброгипертығыздау әдісімен тротуар тақтайшасын өндіру жөніндегі цех ұйымдастырылуда;

– Ғ. Mүcipeпов атындағы ауданда сүректен ұлттық бұйымдар дайындау жолға қойылуда;

– Шал ақын ауданында шағын ЗD кинотеатры орнатылуда;

– Петропавл қаласында пиролизді қазандық өндipy технологиясы енгізілуде; су түбіндегі лай қабатты (сапропель) тыңайтқыш ретінде пайдалану; инклюзивті білім беру icкe асуда.

2013 жылы тиісті конкурс жарияланғаннан кейін грант ұсыну жөніндегі жұмыс жалғасын табады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp