«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ҚАМҚОРЛЫҚ” АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА атқарылған игі істер аз емес

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Гүлмира АЮПОВА,  

қалалық классикалық гимназияның әлеуметтік ұстазы.

 

Республиканың барлық өңірлерінде өткізілген “Қамқорлық” акциясы аясында қалалық классикалық гимназия ұжымы аз қамтылған көпбалалы отбасы балаларына, мүгедек және жетім балаларға қамқорлық жасау мақсатында біраз іс-шараларды жоспарлап, жүзеге асырды.

Жылына екі рет өтетін “Қайырымдылық” іс-шарасына ұстаздар жыл сайын демеушілік көрсетіп келеді. “Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің” деген қағиданы бекем ұстанған ұстаздар қауымы бұл орайда белсенділік танытуда. Қайырымдылық жасау – ауқатты адамның ғана емес, әр адамның қолынан келетін игі іс.

 

“Қамқорлық” акциясы аясында гимназияда оқитын жетім, күнкөрісі төмен отбасы балалары “Қызылжар оранжереясын” тегін аралап, қызықтады.

Гимназияның 10-11-сынып оқушыларынан құрылған “Мейірім тобы” қабырға газетін шығарып, қайырымдылық концертін өткізуге атсалысты. Акция аясында өзін-өзі басқару ұйымы спорттық жарыстар ұйымдастырды.

Гимназияда өткізілген “Ашық есік күнінің” негізгі тақырыбы да “Жүректен – жүрекке” болды. Онда өнер бірлестігінің жетекшісі Гүлнәр Кулушова, Михаил Лахтин, Ольга Лахтина, Ғалия Мұхамеджанованың ұйымдастыруымен қойылған концерт көпшіліктің көңілінен шықты.

Гимназияның баспахана қызметкері Азамат Кәкімов “Жақсылық жасауға асығайық!” республикалық “Қамқорлық” қайырымдылық акциясы тақырыптарына әдемі безендірілген парақшалар, “Жарқын өмір игілігі – жақсылық” қабырға газетін шығарып, балаларға қуаныш сыйлады.

“Айналайын” дәмханасының меңгерушісі Айтықан Қалғаева 10 оқушыға спорт киімін сатып әперді. Қызылжар мешітінің бас имамы ақшалай қамқорлық көрсетті. Сондай-ақ 9 “ә” сыныбының оқушысы Әсел Оңғарбаеваның ата-анасы да қаржылай көмек ұсынды. Гимназия мұғалімдері мен мектеп қызметкерлері заттай, кітаптай, ақшалай сыйлықтарын 1-11-сыныптарда оқитын әлеуметтік жағынан аз қамтылған оқушыларға тарту етті.

Түскен қаржы материалдық көмек ретінде мұқтаж 52 балаға берілді.

Петропавл қаласы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp