Жақында облыс орталығындағы “Бокс” мектебінің спорт залы Кеңес Одағы әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 24 жыл толуына арналған кикбоксшылардың халықаралық жарысына қатысушылардың сайыс алаңына айналды.
Амангелді БЕКМҰРАТОВ,
“Солтүстік Қазақстан”.
Оған облысымыздың бірқатар аудандарынан, Павлодар өңірінен және Ресейдің Омбы қаласынан үміткерлер қатысты.
Жарыстың бір ерекшелігі – онда өз топтары бойынша шаршы алаңға әуесқой және кәсіпқой кикбоксшылар шықты.
Қатысушыларды облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Руслан Есеналин, ұлттық қауіпсіздік органының еңбек ардагері, запастағы подполковник Құсман Бегалинов, Ауған соғысы ардагерлерінің облыстық қауымдастығының төрағасы Игорь Гамов құттықтады.
Үш күнге созылған жарыстың қорытындысында әуесқойлар арасында Қызылжар ауданынан Әлішер Қорқытпаев (60 кг.) пен оның жерлесі Дамир Нұрақанов (51 кг. Фул түрінен), Бекзат Әзім (48 кг. Ғабит Мүсірепов атындағы аудан), Нұржан Серік (54 кг. Петропавл, Фул-контакт түрінен), Сергей Мирный (70 кг. Ғ. Мүсірепов атындағы аудан), Андрей Лазовский (45 кг. Шал ақын ауданы), Болат Жасұзақ (51 кг. Петропавл, Лоу кик түрінен), Николай Логинов (71 кг. Петропавл), Данияр Қажымұратов (54 кг. Петропавл, Лоу кик түрінен), Нұрсұлтан Жақыпов (81 кг. М. Жұмабаев ауданы) жеңіс тұғырына көтерілді.
Кәсіпқой кикбоксшылар арасында жерлесіміз Рауан Смағұлов омбылық қарсыласы Әбіш Жанке-новтен шеберлік асырып, жеңім-паз атанды.
Суреттерді түсірген автор.