«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АБАЙ БОЛАЙЫҚ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Данияр ҚОЖАБЕРГЕНОВ,

Тайынша аудандық ТЖ бөлімінің аға инженері,

өртке қарсы қызмет лейтенанты.

Өткен жылы Тайынша ауданында техника қауіпсіздігінің сақталмауынан 26 өрт оқиғасы тіркелді. Бұл ауданда орын алған жалпы өрттің 28 пайызын құрады. Электр тогынан болатын өрттердің негізгі себебі – сымдардың қысқа тұйықталуы, желіге шамадан тыс күш түсуі. Осындай жағдайдың болмауы үшін электр сымдарын қалыпты жағдайда ұстап, электр тогын бөліп тарататын қалқанда міндетті түрде зауытта жасалған сақтандырғыштар тұруы қажет.

Электр желісіне жуан сымнан қолдан жасалған сақтандырғышты (“жучок”) қосса, онда қысқа тұйықталу кезінде ол балқып ерімейді. Бұл өрттің шығуына себеп болады.

Сондықтан әрқашан да тек зауытта жасалған сақтандырғыштарды қолдану қажет. Қысқа тұйықталу электр сымында да болуы мүмкін. Ол да үнемі қалыпты жағдайда болуы керек.

Өрт электр шамынан да шығады. Оның вольфрам сымы қызған кезде көп жылу шығарады. Өрт болмау үшін электр шамдары қағаз және мата абажурларға жақын орналаспауы қажет.

Зауытта жасалған тұрмыстық электр қондырғыларынан да жиі өрт шығады. Егер электр желісіне осындай бірнеше қондырғы бір уақытта қосылса, бұл оған шамадан тыс күш түсіріп, сымның қызуына жол береді. Сөйтіп, от сым арқылы таралады. Өрт тек бір электржылытқыш қондырғысынан (үтік, шайнек, жылытқыш, т.б.) да пайда болуы мүмкін.

Сондықтан желіге қосылған қондырғыларды қараусыз қалдыруға және оларды кішкентай балаларға тапсыруға болмайды. Сондай-ақ қондырғыны жанғыш заттардың үстіне де, қасына да қоюға болмайды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp