«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“АЛИМЕНТ – СЕНІҢ БАЛАҢНЫҢ БОЛАШАҒЫ!”

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық сот актілерін орындау департаментінің сот орындаушылары 15 ақпаннан бастап “Алимент – сенің балаңның болашағы!” атты акция жариялағанын хабарлайды.

Акцияның басты мақсаты – алимент төлеу мәселесіне жұртшылық назарын аудару және борышкерлердің алименттік берешектерін өтеу белсенділігін арттыру. Қазіргі таңда Петропавл қаласы бойынша ғана алимент өндіріп алу жөнінде 3000 астам атқарушылық іс департаменттің орындауында.

Акция өткізу барысында сот орындаушылары азаматтарды алимент өндіріп алу жөнінде қабылдап, атқарушылық іс жүр-гізудегі міндеттері мен құқықтарын түсіндіреді. Сонымен қатар алимент бойынша борышкерлер жұмыс істейтін кәсіпорындардың бухгалтериясын алименттік төлемдердің дұрыс және уақтылы аударылуын тексеріп, құқық бұзушылыққа жол берілген болса, ҚР ӘІЖК 525, 526-баптары бойынша бухгалтерлер мен лауазымды тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тартады. Бұған қоса БАҚ өкілдерімен бірлесіп, теріс пиғылды борышкерлердің мекенжайларына рейдтер ұйымдастырып, сот орындаушысына келу керектігі туралы хабарлама тапсырады. Акция ба-рысында “Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы” ҚР Заңының 33-бабы бойынша борышкердің елден тыс жерге шығуын уақытша шектеу туралы қаулылар да қабылданады. Ал қасақана борышкерлер ҚР ӘІЖК 524-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке және ҚР ҚК 136 және 362-баптары бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылуы ғажап емес.

Сот орындаушылары жариялаған акция бір ай бойы жалғасады.

 

Солтүстік Қазақстан облысы сот актілерін орындау жөніндегі департаменттің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp