«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАСТАР ҚАР ТАЗАЛАСЫП ЖҮР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Инна КУТЕЙНИКОВА,

Есіл ауданы әкімдігі аппаратының инспекторы.

Есіл ауданы жастарының ерікті жасақтары аудан орталығында “Ауылды қардан тазартайық” акциясын ұйымдастырды.

Қардың жылдағынан мол мөлшерде түсуінің салдарынан ауданымыздың қарт адамдарына көшеде жүру қиынға соқты. “Жас келсе – іске” дегендей, іс-шара барысында белсенді жастар қарттардың аулаларын, үй шатырларын қардан тазалады.

Дәстүрлі түрде өз жалғасын тауып келе жатқан акцияға аудан жастары белсене қатысты. Биылғы жылы біздің қатарымызға мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, атап айтқанда, аудандық жұмыспен қамту бөлімінің өкілі Данияр Қозбаев пен “Қамқор” МКК маманы Әлібек Жұматаев бастаған жастар қосылып, игі бастаманың бел ортасында жүрді. Күннің суықтығына қарамай, шараға бір адамдай қатысқан жас өрендер қарттарға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, бір марқайтып тастады.

Бұл іс кішіге үлгі-өнеге, сауап болары хақ. Аталмыш акция әлі жалғасатын болады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp