«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАҢА БАҒДАРЛАМАНЫҢ БАСТЫ МАҚСАТЫ – бәсекеге қабілеттілікті арттыру

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жанар МҰСАҚҰЛОВА,

облыстық ауыл шаруашылығы

басқармасы бастығының

орынбасары.

Қазақстан Республикасы Үкіметі агроөнеркәсіп кешенін дамытудың жаңа салалық бағдарламасын қабылдады. Оның қолданыстағы бағдарламадан айырмашылығы, басқа елдердің тауар өндірушілерімен табысты бәсекелесуін қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қаржылық ресурстарға қажеттілігін қанағаттандыру жолымен агроөнеркәсіп кешені субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін көтеру үшін жағдай туғызуға жаңа леп беруінде болса керек. Бағдарлама мақсаттарына қол жеткізу үшін мынадай төрт бағытта жұмыс жүргізіледі:

 

1. Қаржылық сауықтыру.

2. АӨК субъектілері үшін тауарлар, жұмыстар және қызметтер қолжетімділігін арттыру.

3. АӨК субъектілерінің мемлекеттік қамтамасыз ету жүйесін дамыту.

4. АӨК-тің мемлекеттік реттеу жүйелерінің тиімділігін арттыру.

Атап айтқанда, бағдарламада ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдаудың алты қаржылық тетігін енгізу қарастырылған, олар – займдарды кепілдендіру және қауіпсіздендіру, инвестициялық демеуқаржылық, кредиттер және лизинг бойынша сыйақы ставкаларын демеу-қаржыландыру, қаржылық сауықтандыру және екінші деңгейлі банктерді қорландыру.

Бүтіндей бағдарламаны жүзеге асыру үшін қажетті қаржының жалпы сома-сы 3 трлн. теңгеден астам, оның 75 пайыз қаржысы – тауарлардың экономикалық қолжетімділігін арттыру, 14 пайызы – АӨК-ні мемлекеттік қамтамасыз етуді дамыту, 10 пайызы қаржылық сауықтыру жөніндегі шараларға бағытталатын болады.

Субъектілерді демеуқаржыландыру есебінен ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау көлемі 2020 жылға таман 4,5 есеге өседі.

АӨК субъектілерін мемлекеттік қолдаудың мүлде жаңа бағыты қаржылық сауықтыру болып табылады. Ол кредиттер мен жобаларды қайта құрылымдау, қайта қаржыландыру, сол сияқты ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін бұрынғы берешектерін жабуға қаржыландыру жолымен жүзеге асырылатын болады. Сөйтіп, мемлекет көптеген АӨК субъектілерінің кредиттік жүктемелерін жеңілдете және қаржылық тұрақсыздықтан құтқара алады. Аталмыш бағыттағы қаржыландырудың жалпы сомасы шамамен 375 млрд. теңгені құрайды. Бұл бағытқа ауыл шаруашылығы кәсіпкерлерінің жоғары пайыздық ставкалы қысқамерзімдік кредиттерін ұзақмерзімдік және арзан кредиттерге ауыстыру үшін банк бөлетін қаржылар енеді.

Бағдарлама бюджетіндегі ауқымды үлесті тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру жөніндегі шаралар алады. Бұл бағытта АӨК салаларын демеуқаржыландыру табиғи ауа райы жағдайларын, өткізу нарығының болуы мен өңірлерді дамыту қуатын есепке ала отырып, жіктеліп жүргізілетін болады. Егер кәсіпкер бірнеше жылдан кейін ғана кіріс әкелетін неғұрлым ұзақмерзімдік жоба құруды жоспарлаған жағдайда, “Агробизнес – 2020” бағдарламасы инвестициялық демеуқаржылар береді, оның мәні мынада, жоба іске қосылғаннан кейін мемлекет фермерге оның құнының 30-дан 50 пайызына дейін қайтарады.

Екінші бағыт бойынша шараларды жүзеге асыруға барлығы шамамен 2 трлн. теңге бағыттау жоспарлануда. Ал үшінші бағдарлама аясында фитосанитарлық, ветеринарлық қауіпсіздік жүйелерін және жайылымдарды сумен қамтамасыз ету инфрақұрылымдарын дамыту жөніндегі міндеттерді шешу жоспарлануда.

Аталмыш бағытта жасалған жаңа тетікпен 2016 жылдан бастап ашық және жабық топырақта өсірілетін көкөністерді өңдеуге арналған биоагенттер мен биодәрілер құны арзандатылатын болады. Қаржыландырудың жалпы сомасы 400 млрд. теңгеден астам.

Жаңа бағдарламаның соңғы бағыты АӨК мемлекеттік реттеу жүйесінің тиімділігін арттыру болып табылады. Аталмыш бағыт аясында мынадай міндеттерді шешу жоспарлануда: ауыл шаруашылығы маңызындағы жерлерді пайдалану тиімділігін арттыру, ауыл шаруашылығы дақылдарының мемлекеттік сорт сынағы тиімділігін арттыру, салық салымы жүйесін дамыту, АӨК субъектілері үшін мемлекеттік қызметтер көрсету жүйесін дамыту, ауыл шаруашылығында техникалық реттеу жүйесін жетілдіру, АӨК-де мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесінің тиімділігін арттыру.

Жоғарыда айтылғанындай, бағдарламаны жүзеге асыруға 8 жылдың ішінде барлығы 3122 млрд. теңге сомасында қаржы қажет, оның 2724 млрд. теңгесі – мемлекеттік бюджет есебінен, 300 млрд. теңгесі – облигациялық займ-дар есебінен, 2,1 млрд. теңгені – “Азық-түлік келісімшарт корпорациясы” АҚ-ы және 96 млрд. теңгені “ҰБХ ҚазАгро” АҚ-ы бөледі.

Мемлекеттік реттеу шараларын тиімді пайдалану, АӨК-де бизнесті дамыту үшін қолайлы жүйелі жағдайлар туғызу, қамтамасыз ететін инфрақұрылымдарды дамыту, секторға орташа жылдық инвестицияларды екі еселендіру, өнімділіктің өсуі нәтижесінде бағдарламаның төмендегідей негізгі мақсатты индикаторларға қол жеткізуі күтілуде:

– АӨК субъектілерін демеуқаржыландыру есебінен ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау көлемін 2020 жылы 4,5 есеге көбейту;

– займдарды қайта қаржыландыру және қайта құрылымдау есебінен АӨК субъектілерінің кемінде 8 жыл ішінде жалпы сомасы 300 млрд. теңге қарыз жүктемелерінің мерзімін ұзарту;

– 2013-2020 жылдары кредиттер мен лизингтің қолжетімділігін арттыру жөніндегі шаралар есебінен АӨК-ге тартылған мемлекеттік емес кредиттік қаржылар көлемін 2 трлн. теңгеге дейін жеткізу;

– 2020 жылы карантиндік және аса қауіпті организмдердің таралу қаупі коэффициентін 0,88-ге жеткізу;

– 2020 жылы мониторингтік зертханалық зерттеумен қамтылған тамақ өнімдері үлесін 0,4 пайызға жеткізу;

– 2015 жылы электрондық форматқа көшірілген мемлекеттік қызметтер үлесін 62 пайызға жеткізу.

Алдын ала деректер бойынша, облыста бағдарламаны жүзеге асыруға 163,8 млрд. теңге бағыттау жоспарлануда, соның ішінде екінші бағытты жүзеге асыруға 156,8 млрд. теңге, үшінші бағытқа шамамен 7 млрд. теңге бөлінеді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp