Серік БІЛӘЛОВ,
ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат.
Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты депутатының сайлауы – облысымыз үшін маңызды саяси оқиға. Сайлау 2013 жылғы наурыздың 15-інде өткізіледі. Сайлауға әзірлік және өткізу Қазақстан қоғамының тіршілік қарекетінің барлық салаларында өріс алған және алда көзделген кең ауқымды өзгерістермен тұспа-тұс келді.
Ел Президенті, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2012 жылғы 14 желтоқсандағы өзінің Қазақстан халқына Жолдауында – “Қазақстан – 2050” Стратегиясында жас тәуелсіз мемлекеттің ұзақмерзімді басымдықтарын айқындады. Бүкіл республиканың және оның бір бөлігі болып табылатын Солтүстік Қазақстан облысының өркендеу мен ілгерілеу кезеңі басталды.
Еліміздің басты астықты өңірлерінің бірі болып табылатын облысымыз осынау құрметті мәртебесін жылданжылға нақты жетістіктерімен сенімді түрде дәлелдеп келеді. Алайда, бұл жетістіктер экономиканың аграрлық секторында ғана болған жоқ. Бірқатар жылдар бойы шаруашылықтың барлық саласында өңірдің даму көрсеткіштері тұрақты өсіп, тұрғындардың өмір сүру сапасы жақсарды. Соңғы 15 жыл ішінде жалпы өңірлік өнім 79 миллиардтан 668 миллиард теңгеге дейін немесе 8,4 еседен астам өсті. Солтүстікқазақстандықтардың орташа жалақысы – 9,3 есе, өңір тұрғындарының номиналдық ақшалай кірісі 6,6 есе өсті. Зейнеткерлік төлемдердің орташа мөлшері 10 есе ұлғайтылды.
“Нұр Отан” халықтық демократиялық партиясы депутаттық фракциясының ұсынысы бойынша мен Мағжан Жұмабаев және Тайынша ауданда-рының мәслихаттары атынан ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат болып ұсынылдым. Айтарлықтай өмірлік, кәсіби және басқарушылық тәжірибем болғандықтан, облыс проблемаларын, ресурстық әлеуетін, ерекшеліктерін, зор мүмкіндігін және тұрғындардың жоғары адами қасиеттерін жақсы білгендіктен, осы сайлауға қатысуға өз келісімімді бердім.
“Қазақстан – 2050” Стратегиясының идеяларын, Президенттің саяси және экономикалық бағытын және “Нұр Отан” ХДП-ның кезектен тыс ХІV съезінде қабылданған “Қазақстан. Мақсаттар – 2017. Ұлттық іс-қимыл жоспары” сайлауалды тұғырнамасын терең түсіне отырып, өзімнің сайлауалды бағдарламамның негізі етіп алдым.
Жергілікті деңгейде басым міндеттерді нақтылы шешу үшін кешенді көзқарас маңызды болса, мен мұны қажет деп есептеймін.
Экономика саласында мынаған ықпал жасаймын:
– аудандардың және алдымен ауылдық округтердің дамуы;
– барлық мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды орындау;
– алдыңғы қатарлы және жаңа технологияларды қолданатын кәсіпорындар мен өндірістерді көптеп ашу, бұл арқылы жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік туғызу;
– отандық тауар өндірушілерді қолдауды қамтамасыз ету және олардың мүдделерін қорғау әрі ілгерілету жөнінде қажетті шаралар қолдану;
– Ресеймен шекаралас облыстың әлеуетін кеңінен пайдалана отыра, демеуқаржы алудан алшақтап, инвестициялық ахуалды жақсарту және кәсіпкерлікті қолдау есебінен өңірдің өзін-өзі қамтуын жоғарылату;
– жаңа ғылыми және технологиялық зерттеулерді қолдану арқылы агроөнеркәсіптік кешен өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында ауыл шаруашылығында ауқымды жаңғырту жүргізу;
– жоғары технологиялық және әмбебап жемазық базасын құру, жемшөп өндіруді жаңғырту, отандық мал басын көбейту негізінде мал шаруашылығынан барынша қайтарымға қол жеткізу;
– ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау тетіктерін барынша пайдалану;
– сумен қамтамасыз ету, жолдарды жөндеу, елді мекендерді абаттандыру мәселелерін сапалы жаңа деңгейге көтеру;
– облыс тұрғындарына, әсіресе, жас отбасыларға арналған қолжетімді және сапалы тұрғын үйлер құрылысының көлемін ұлғайту.
Әлеуметтік салада:
– тұрғындарды, әсіресе, жас мамандар – жоғары және орта арнаулы оқу орындарының түлектерін жұмыспен қамту мәселелерін шешу;
– аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды, мүгедектерді, қарттар мен ардагерлерді қолдауды қамтамасыз ету;
– жаңа және жекеменшік балабақша мен шағын орталықтарды салу және ашу есебінен мектепке дейінгі білім мекемелері жүйесін кеңейту;
– ана мен бала денсаулығын қорғау, тұрғындардың әртүрлі топтары арасындағы аурулардың алдын алу жөніндегі шараларды күшейтуге бағытталған медициналық қызмет ұсыну сапасын арттыру;
– спорт инфрақұрылымы нысандарының құрылысы есебінен, әсіресе, облыстың ауылдық аудандарында олардың санын көбейту;
– отбасыларда және қоғам өмірінің өзге де салаларында жастарға адамгершілік және рухани тәрбие беруді жақсарту, нашақорлыққа және балалар арасындағы қылмысқа қарсы күрес шараларын күшейту;
– қазақстандық қоғамның негізгі құндылықтары – тұрақтылықты, татулықты және бірлікті сақтау үшін күшжігерімізді біріктіру.
Құрметті депутаттар, солтүстікқазақстандықтар!
Облыста қызмет атқарған бүкіл жылдар бойы ұдайы қолдағандарыңыз және түсіністіктеріңіз үшін баршаңызға шынайы алғысымды білдіремін. Сіздермен бірге өңіріміз үшін көп жұмыс атқардық, бірақ ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев жариялаған “Қазақстан – 2050” Стратегиясын жүзеге асырудың алғашқы кезеңінде белгіленген жеті негізгі бағытты басшылыққа ала отыра, бұдан да көп істер тындыруымыз керек. Сіздердің азаматтық белсенділіктеріңіз, саналылықтарыңыз және еңбексүйгіштіктеріңіз ғана туған өлкемізді табысты дамытудың кепілі болады деп сенемін.
Және де маған Сенат депутаты болып сайланудың жоғары құрметі көрсетілетін болса, ел Парламентінің жоғары палатасы мүшесінің заңнамада көзделген өкілеттігін пайдалана отырып, сайлауалды бағдарламамның орындалуына дәйекті және табанды түрде қол жеткізетін, облыс мүддесін қорғауға, жерлестерімнің зор сенімін ақтауға тырысатын боламын.
(Республикалық бюджеттен Орталық сайлау комиссиясына бөлінген қаражаттан төленді).