«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖОЛДАРДА ӘЛІ ДЕ ҚАРЛЫ БҰРҚАСЫН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

11-14 ақпан аралығында облыста 3 қар кептелісі оқиғасы орын алып, 17 жеңіл автокөлік пен 2 жүк машинасы қар құрсауынан құтқарылды.

Мағжан Жұмабаев ауданындағы Беняш-Қарақоға автожолында 8 жеңіл көлік 30 жолаушымен қар құрсауында қалды.

Тайынша ауданындағы Краснокиевка-Новоберезовка автожолында 6 жеңіл, 2 жүк машинасы 25 адаммен бірге қар бұрқасынынан зардап шекті.

Ақжар ауданындағы Дәуіт-Ащыкөл бағытында 3 автомобильдің ішіндегі 8 адам осындай жағдайды бастарынан өткерді.

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент оқыс оқиғаларға душар болмас үшін бірінші кезекте жол жүрер алдында ауа райы жағдайы мәліметтеріне ерекше назар аударуды, маусымға қарай жылы киінуді еске салады.

Машинада қыздыру лампасы, тіркеп сүйреуге арналған мықты арқан немесе трос, күрек, зарядталған ұялы телефон сияқты заттардың міндетті түрде болуын ұмытпаңыз.

СҚО ТЖД-нің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp