Қайрат БАСАҒАРИНОВ,
“ЕС-164/3 мекемесі” РММ бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары.
Жуырда ЕС-164/3 мекемесіне Алматы қаласы “Адам құқығы хартиясы” қоғамдық қорының атқарушы директоры Жеміс Тұрмағамбетова келіп кетті.
Мақсаты – жазасын өтеушілердің құқықтарының сақталуын зерделеу. Өкіл мекемені аралап, жазасын өтеушілердің тұрмыс-тіршілігімен танысты. Жазасын өтеушілердің тамақтану, қажетті киім-кешекпен жабдықталу мәселелерін де қарады. Оларды жеке мәселелері бойынша қабылдап, қойған сұрақтарына жауап берді.
Жеміс Тұрмағамбетова сотталғандарға мекемеде жан-жақты жағдай жасалғандығына куә болып, оң бағасын берді.