Айыртау аудандық ішкі істер бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері алыс орналасқан ауылдардың бірінде орын алған заңсыз аң аулау фактісін әшкерелеп, заңсыз сақталған мылтықты
16 ақпан күні аудан орталығы – Саумалкөлден 90 шақырым жерде орналасқан Құсбек ауылында өткізілген рейд барысында бір ер адамның үйінен атып өлтірілген еліктің терісі мен басы табылды. Іле осы жерден “ТОЗ” винтовкасы табылып, тәркіленді. Кейін анықталғандай, қожайынның бұл мылтыққа құжаттары болмай шықты. Оның үстіне қару еш жерде тіркелмеген. 58 жастағы үй иесінің айтуынша, ол 9 ақпан күні ауыл сыртына шыққан. Орман ішінде жүрген бір табын елікті көрген, біреуін атып алып, етін тағамға қолданған. Ал тіркелмеген қаруды бірнеше жыл бұрын қайтыс болған жақын туысынан алған. Қазіргі таңда қару тәркіленіп, сараптамаға жіберіл ді. Аңшыны жауапқа тарту жағы қарастырылу да.
Желтоқсанның 31-інен бері аң ату мерзімі аяқталған. Сондықтан заңсыз елік атқан аңшыға ірі көлемде айыппұл салынуы мүмкін.
СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.