«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТІРКЕУДЕ ТҰРҒАНДАР ТЕКСЕРІЛІП, тәртіп бұзғандарға айыппұл салынды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлдағы Ойқала ықшамауданында рейд жүргізу нәтижесінде заңсыз сақталып келген 11 қару тәркіленіп, 129 әкімшілік заң бұзушылық тіркелді.  

40 жастағы әйелдің үйіне тәртіп сақшылары аптасына екі рет келеді. Үй иесі ішімдікке әуестенген, 20 жастағы ұлымен бірге тұрады. Екеуі де жұмыссыз. Сондықтан тәртіп сақшылары бұл отбасыны тексеріп отыруға мәжбүр. Ойқала ықшамауданында осындай тұрмысы төмен 30 отбасы бар. Солардың бірі осында жақында көшіп келіпті. Әйел адамның екі ұлы да маскүнем. Тәртіп сақшылары кезекті тексеріске келген кезде олар кешегі көңіл көтеруден демалып жатқан.

Рейд барысында тәртіп сақшылары ұсақ заң бұзушылықтарды анықтауға да баса назар аударды. Қоғамдық орындарда темекі шеккені үшін 34 адам ұсталды. Қоғамдық орындарда мас болып жүрген және ішімдік ішкен 36 адамға айыппұл салынды. Мысалға, Заречное кентінің 25 жастағы тұрғыны Александр таң атпастан “ащы судан” ұрттап алған екен. Полицейлер оны көшеде теңселіп, мас күйінде кетіп бара жатқан жерінен ұстады.

Мыңнан астам үй тексеріліп, нәтижесінде із-түзсіз жоғалғандар тізімінде болған үш азаматтың мекенжайы анықталды. “№2 аумақтық полиция пунктіне қарасты Ойқала ықшамауданы бойынша 350 адам тіркеуде тұр, олар бұрын істі болған. 25 тұрғын ерекше назарға алынған, сондай-ақ 54 маскүнем бақылауымызда”, – дейді учаскелік аға инспектор Александр Розбах.

СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp