«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТУ – “нұротандықтардың” басты міндеттерінің бірі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңір басшысы, “Нұр Отан” ХДП облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Самат Ескендіров партияның аудандық филиалдары төрағаларының бірінші орынбасарларымен кездесті.  

Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

 

Жүздесу барысында өңір басшысы аудандық деңгейде партияның атынан билік жүргізуші қызметкерлердің алдына нақтылы міндеттер қойды.

Жақында облысымызға сапарында “Нұр Отан” ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек партия өкілердеріне бірқатар тапсырмаларды жүктеген болатын. Атап айтқанда, “Нұр Отанның” ендігі қызметінде тұрғындармен кері байланыс орнату, мемлекеттік бағдарламалар бойынша бөлінген қаржының жұмсалуына бақылау жүргізу, қоғамдық қабылдаулардың жұмысын жандандыру мәселелеріне баса назар аударылатын болады.

Жиын барысында Самат Ескендіров әр аудандық партия филиалының тыныс-тіршілігін сұрастырды. Бүгінде “Нұр Отан” ХДП Уәлиханов аудандық филиалына 1910 адам мүше екен. Бірінші орынбасар Маржан Латыпованың айтуынша, жергілікті тұрғындар арасында аталмыш партияның беделі жоғары. Мұны аудандық филиалға келіп түскен хаттардан, шағымдардан аңғаруға болады, дейді Маржан Маратқызы. Ал Ақжар ауданында көбіне мұғалімдер мен дәрігерлер мүшелікке енген. Аудандардың басым бөлігінде осындай жағдай қалыптасқан. Облыс әкімі фермерлер мен бизнесмендерді де партия қатарына тарту керектігін айтты. Бауыржан Байбек белгілеген міндеттер де аудандық деңгейде ойдағыдай орындалуы тиіс, деп атап өтті Самат Ескендіров.

Суретті түсірген Виталий ВЛАСЕНКО.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp