«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЫРЫСЫМЫЗДЫ МОЛАЙТТЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Тоқтар ЗІКІРИН,
“Солтүстік Қазақстан”.

Кеден одағының жұмыс істеуі және бірыңғай экономикалық кеңістіктің қалыптасуы экономикалық интеграциялық үдерістердің тереңдей түсуіне ықпал етеді. Оның айқын мысалы осы ірі құрылымдардың құрамдас бөлігі болып табылатын өзіміздің облыстың өңіраралық шаруашылық байланыстармен қатар, алыс-жақын шетелдермен алыс-берісін ұлғайта түскенінен аңғарылады.
Облыстың өткен жылғы сыртқы сауда айналымы 2011 жылмен салыстырғанда екі есе өсіп, 840,4 млн. АҚШ долларын құрады. Облыстың негізгі сауда серіктесі бұрынғысынша Ресей Федерациясы болып қала береді, Кеден одағының аясындағы екі елдің сыртқы сауда айналымы облыстық салық органдарының деректері бойынша 2012 жылы 26,6 пайызға өсіп, 667 млн. АҚШ дол-ларын құрады. Бірыңғай экономикалық кеңістіктің жұмыс істеуіне байланысты Кеден одағы құжаттаулар жүргізеді, алыс шетел және ТМД мемлекеттері (Ресей мен Беларусьтен басқа) елдерімен өзара сауда сыртқы экономикалық қызметінің статистикасын дайындайды.


2012 жылы облыстың экспорт көлемі 2,2 есе өсті және 650 млн. АҚШ долларына жетті. Оның негізгі үлесін – 97 пайызын немесе 2678,5 мың тоннасын ауыл шаруашылығы өсімдік өнімдері алады. Атап айтқанда, 2085 мың тонна бидай, 235,7 мың тонна ұн, 134,7 мың тонна зығыр, 112,4 мың тонна арпа және 39,3 мың тонна рапс экспортталды.
Ал импортталатын тауарлардың негізгі үлесін ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу құрал-жабдықтары және ауыл шаруашылығы техникалары алады. Ол жалпы көлемнің 61 пайызын немесе 190,8 млн. АҚШ долларын құрайды. Импорттаушы елдер ішінде Кеден одағындағы Ресей мен Беларусьтің алар үлестері аз емес. Сондай-ақ өндірісі дамыған Еуропа елдерінен, АҚШ-тан, Қытайдан және Украинадан түсіп жатқандары да мол.
Негізгі бақылау жұмыстары Кеден одағының оңтүстік-шығыс шекаралық аймақтарына ауысқандықтан, штат санының үштен біріне дейін қысқарғанымен, облыстық кедендік бақылау департаменті өз жұмысына ақау түсірмеуге тырысуда. Департаменттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, өткен жылы кедендік төлемдер жиымының болжамды тапсырысы 103,6 пайызға орындалып, республикалық бюджетке 2,1 миллиард теңге аударылған.
Кеден одағы мен бірыңғай экономикалық кеңістікке мүше елдердің мемлекеттік органдармен және халықаралық ұйымдармен өзара біріге қимыл жасауы жұртшылықтың оған сенімін арттырып, оның өрісін кеңейте түсуде. Кедендік заңнамалар, кедендік әкімшілдендіру, ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызмет стандарттары бойынша сараптамалық жұмыс топтары құрылып, айына 2 рет жиын өткізе бастады. Сондай-ақ бизнес қауымдастығы өкілдерімен ай сайын отырыстар өтуде. Жоғары деңгейде бастау алып отырған мұндай іс-шаралардың жергілікті дәрежеде өріс алар күні де алыс емес. Бұл – Кеден одағы мен бірыңғай экономикалық кеңістік біздің өмірімізге ажырамастай мықтап енеді деген сөз.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp