«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ГАЗЕТКЕ ОРАП, ГАШИШ САТЫП, 10,5 жылға бас бостандығынан айрылды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Елімізде есірткі қылмысының белең алуын жою мақсатында заңнамалық деңгейде қатаңдатылған шаралар қолға алынды.  

Ерлан ШАЛДЫБАЕВ,

Солтүстік Қазақстан көлік прокурорының орынбасары.

 

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес білім беру орындарында, сондай-ақ жасөспірімдерге өткізу мақсатында есірткі заттарын сақтап келген ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне қатысты бас бостандығынан айыру мерзімі ұзартылды. Мәселен, осындай қылмысқа барғандар өмірінің соңына дейін түзеу мекемелеріне тоғытылатын болды. Сонымен қатар ірі көлемде есірткі заттарын жымқыру, бопсалау және контрабанда үшін 15-тен 20 жылға дейін немесе өмір бойғы бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған. Жеке мақсатта есірткі сатып алғандар немесе сақтағандар бұл қылмыстық әрекеттері үшін мүлкінен айрылып (тәркіленіп), 7 жылға дейін жаза тартады.

Қылмыс жасамас бұрын әр адам өз әрекетінің неге апаратыны туралы ойлануы керек. Алайда, тіпті, санкцияны қатаңдату да азаматтардың есірткі айналымына қатысты қылмыс жасауын тоқтата алар емес. Мәселен, СҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР ҚК 259-бабы 3-бөлімі “б” тармағына сәйкес Вячеслав Макаровскийге қатысты қылмыстық іс қарастырылды. Бұл азамат облыс орталығындағы Интернационал көшесінде орналасқан көтерме сауда базарында газет қиындыларына орап, гашиш сатқан.

В.Макаровский жедел-іздестіру шаралары барысында қолға түсіп, оның сауда нүктесін және үйін тінту нәтижесінде ірі мөлшерде есірткі заттары тәркіленді.

Сот үкімімен Вячеслав Макаровскийдің мүлкі тәркіленіп, ол он жарым жылға қатаң тәртіптегі түзеу мекемесіне тоғытылды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp