«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БИЫЛҒЫ ҰБТ БҰРЫНҒЫША ӨТКІЗІЛЕДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу рәсімі, әсіресе, оның қорытындысы – қоғамның назарын мектепке аударатын ең бір ерекше науқан. Ол түсінікті де, өйткені, онда жіберілген қателіктердің артында түлектердің тағдыры тұр. Орта мектептер түлектерінің оқу жетістіктерін тест сынағы түрінде сырттай тәуелсіз бағалау қорытындысы – білім алушылардың оқу бағдарламаларын меңгеру деңгейі мен білім беру қызметтерінің сапалық көрсеткіштерінің бірі. ҰБТ-ны табысты тапсыру түлектердің еліміздің жоғары оқу орындарына түсу мүмкіндігіне жол ашады. Осыған байланысты облыстық білім басқармасының бастығы Нұрболат Бикеновтен 2013 жылғы ҰБТ-ға дайындық және оны өткізу барысы туралы оқушылар мен ата-аналарды мазалап жүрген бірқатар мәселелерден хабардар етуін өтіндік.


 

 

– 2012-2013 оқу жылында Ұлттық бірыңғай тестілеуді өт-кізу ережелеріне өзгерістер ен-гізілді ме?

– Биылғы жылы Ұлттық бірың-ғай тестілеу біріктірілген түрде өтеді. Бұл орта білім туралы ат-тестат алумен қатар, орта мек-тептер түлектерінің еліміздің жо-ғары оқу орындарына бұрынғы-дай түсуіне мүмкіндік береді. Бұл жайында Қазақстан Республика-сының білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов орталық коммуникациялар қызметінде өт-кен баспасөз мәслихатында құ-лағдар етті. Министрлік басшысы тест сұрақтарына қатысты үлкен жұмыс жүргізілгенін атап көрсетті. Барлық сұрақтар мазмұнының оқу бағдарламасына сәйкестігіне талдау жасалып, соның нәтиже-сінде ҰБТ тапсырмаларының үштен бірі толығымен жаңар-тылды.

Білім беруді дамытудың мем-лекеттік бағдарламасын орындау үшін ҰБТ-ны жетілдіру мақса-тында 2015 жылдан бастап оны екі кезеңге бөліп өткізу қарасты-рылуда. Біріншісі – Ұлттық тес-тілеу түріндегі түлектер емтиха-ны, екіншісі – абитуриенттердің кешендік тестілеу түріндегі жоға-ры оқу орындарына түсу емти-хандары. Келесі оқу жылынан бастап бөлу бойынша экспери-мент жүргізу жоспарлануда. ҰБТ-ның өңірлер бойынша нақты өткі-зілу мерзімі ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен анық-талады және барлық орта мек-тептер басшыларына жеткізіледі. Әзірге тест емтихандары еліміз-де маусымның 1-і мен 15-і ара-лығында өтетіні ғана белгілі.

– 2013 жылғы ҰБТ-ны өткі-зуге қойылатын негізгі талап-тар қандай?

– Барлық ҰБТ өткізілетін қо-сындарда тестілеу кезінде ашық-тық пен жариялылықты қамта-масыз ету үшін бейнебақылау-лар, металл іздегіштер, ұялы бай-ланысты тұншықтыратын құрыл-ғылар қойылатын болады. Әр ҰБТ өткізетін қосындағы аудито-рия саны 12-ден аспауы керек. Аудандық қосындардағы әр ауди-торияға ҚР Білім және ғылым министрлігінің бір өкілі қатысады. Мемлекеттік комиссия мүшелерінің саны 5 адамнан көп болмауы қадағаланады. ҰБТ процедураларына білім саласын бақылау жөніндегі аумақтық департаменттің өкілдері қатысады. Олар ҰБТ технологиясын бұзуға жол бермейді және ондай жағдай орын алса, жедел түрде оның жолын кесіп, тікелей бақылау жасайды.

Жоғары оқу орындарына студенттікке қабылдау үшін талапкерлерді әлдеқайда сапалы іріктеу мақсатында шектік деңгей айқындалған. Ол бойынша типтік ережелерге сәйкес ұлттық жоғары оқу орындарының ақылы білім беретін ұйымдарына оқуға үстіміздегі жылы жалпы білім беретін ұйымдарда ҰБТ тапсырған, кешендік тестілеуден өткен, оның нәтижесі бойынша – 70, ал басқа жоғары оқу ұйымдарына 60 балдан төмен алмаған түлектері қа-былданады.

– Облыстың білім беру мекемелерінде ҰБТ тапсыру науқанына дайындық қалай жүргізілуде?

– Үстіміздегі жылы 4,4 мың оқушы он бірінші сыныпты аяқтап, орта мектепті бітіреді. Алдын ала мәлімет бойынша олардың ішінде орта мектеп курсы үшін қорытынды мемлекеттік аттестаттаудың Ұлттық бірыңғай тестілеу түрін 3040 (70%) түлек таңдады. Қалғандары дәстүрлі емтихан тапсыруға басымдық беріп отыр.

Тестілеу сынақтарын өткізу үшін бұрынғыдай 8 қосын дайындалады. Олар: Петропавл қаласында – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ негізінде, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда (Новоишим №1 орта мектеп), Айыртау (Саумалкөл №2 мектеп-гимназиясы), Ақжар (Талшық орта мектебі), Жамбыл (Пресновка №1 орта мектебі), М.Жұмабаев (Булаев №1 мектеп-гимназиясы), Тайынша (Тайынша №2 орта мектебі), Есіл (Явленка №1 орта мектебі) аудандарында орналасады. Бұл қосындар негізінде мемлекеттік және апелляциялық комиссиялар жұмыс істейді.

– Ұлттық бірыңғай тестілеуге қандай санаттағы түлектер қатыса алады?

– ҰБТ тапсыруға үстіміздегі жылғы білім мекемелерінің жалпы орта білім беру бағдарламасын меңгерген барлық түлектері ерікті түрде қатыса алады. ҰБТ-ға қатысуға наурыздың 10-ы мен сәуірдің 25-і аралығында өтініштер қабылданады. Еліміздің жоғары оқу орындарына үстіміздегі оқу жылында түскісі келетіндер, сонымен қатар “Алтын белгі” және үздік аттестат алуға үміткер түлектер үшін Ұлттық бірыңғай тест тапсыру міндетті. Егер мектепте түлектерге ҰБТ тапсыруға кедергі келтірілсе, ата-аналар немесе олардың өздері білім саласындағы бақылау жөніндегі департаментке, я болмаса облыстық білім басқармасына жүгіне алады. Сонымен қатар өздері оқитын мектеп бекітілген ҰБТ тапсыру қосынына тікелей белгіленген мерзімде өтініш беруге болады.

– ҰБТ-ға түлектерді өткізу тәртібі қандай болмақ?

– Түлектер аудиторияға бір-бірлеп өткізіледі, ол кезде қатысушылардың анықтама, құжат, жеке куәлік, рұқсат қағаз негізінде жеке басының сәйкестілігі тексеріледі. Дәліз кезекшісі өткізуге тыйым салынған басқа да заттарды арнайы бөлінген орында қалдыруларын қадағалайды. Аудиторияға оқулықтар мен басқа да әдістемелік құралдар, компьютерлер, фотоаппараттар, шұғыл байланыс құралдарын (пейджер, ұялы телефондар, планшеттер, ноутбуктер, плейерлер) енгізуге тыйым салынады.

– Жауап парағын толтырған кезде неге назар аудару керек?

– Жауап парағы қара бояулы қаламмен толтырылады, сондай-ақ оны кірлетуге, майыстыруға, жауаптарға түзетулер енгізуге болмайды. Сонымен бірге жауапты түзету үшін басқа түсті пай-далануға рұқсат етілмейді. Бір тапсырманың екі немесе одан да көп жауаптары боялса, ол қабылданбайды.

– Денсаулығына байланысты орта мектеп курсының мемлекеттік қорытынды аттестаттауынан босатылғандар ҰБТ тапсыра ма? Егер оқушы емтихан тапсыратын күні ауырып

қалса, ҰБТ-ны кейін тапсыруына бола ма?

– Ондай түлектер, соның ішін-де бала кезінен мүгедектер ҰБТ-дан босатылады, бірақ ондай жағдайда олар үстіміздегі жылы жоғары оқу орындарына түсу мүмкіндігінен айрылады. Түлек тестілеуге жарақат алу, отбасылық жағдайы, сондай-ақ қай тілде тест тапсыратынын дұрыс көрсетпегендіктен қатыса алмаса, оған таңдаған тілі бойынша кейінгі ауысымдағылармен бірге тестілеуден өтуіне болады. Бірақ ол үшін одан кейін ҰБТ тапсыратын ауысымдар болса және онда таңдаған тестілеу тілі бойынша аудиторияларда бос орындар болғанда ғана рұқсат етіледі.

– Әскер қатарынан келген, өткен жылдардағы білім беру ұйымдарының түлектері грантпен түсуге үміттене ала ма? Оларға жоғары оқу орнына түсу үшін қандай тәртіп белгіленген?

– Өткен жылдары жалпы білім беретін мектептер, кәсіптік лицейлер мен колледждерді бітірген түлектер жоғары оқу орындарына (сырттай және күндізгі) кешендік тестілеу технологиясы бойынша түсуге құқылы. Олар ҰБТ тапсырған түлектер сияқты, мемлекеттік білім гранттарын алу үшін конкурсқа қатысады.

– Экстерн түрінде оқитын мектеп түлектерінің қорытынды мемлекеттік аттестаттауы қалай жүргізіледі?

– Оларда да басқа түлектердегідей өтеді. Егер оқушы үстіміздегі жылы жоғары оқу орнына түсетін болса, онда ол ҰБТ тапсыруы керек.

– ҰБТ-ға қандай пәндер енгізіледі, олардың саны қанша және тестілеу неше сағатқа созылады?

– ҰБТ 5 пән бойынша қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Олар: қазақ немесе орыс тілдері (оқитын тіліне қарай), математика, Қазақстан тарихы, орыс тілінде оқитындар – қазақ тілінен, қазақ тілінде оқитындар – орыс тілінен және таңдаған мамандығына байланысты бір пәннен емтихан тапсырады. Әр пән бойынша 25 тапсырма ұсынылады. ҰБТ-ның өту уақыты – 3,5 астрономиялық сағат (210 минут). Тест сынағын қайта тапсыруға рұқсат берілмейді.

– Өнерге және мәдениетке қатысты мамандықты қалаған түлектердің таңдауы қандай пәнге түседі?

– Арнайы дайындықты қажет ететін шығармашылық мамандықтарды таңдағандар үшін бесінші пән ерікті. Жоғары оқу орындарына түсу кезінде ондай түлектерге таңдаған оқу орындарының қабылдау комиссиясы өткізетін шығармашылық емтихандар белгіленеді.

– ҰБТ аясында түлектердің жұмысы қалай бағаланады, аттестатқа қандай баға қойылады? Аттестат пен сертификат алу үшін қанша балл жинау керек?

– Әр пән бойынша тест тапсырмалары сертификат үшін – балдық (бес балдық) жүйемен, аттестатқа бағамен қойылады. Сертификат балдарын аттестат бағасына ауыстыру тәртібі мен көрсеткішін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі белгілеген. Аттестат пен сертификат алу үшін шектік балл жоқ. ҰБТ аясында тапсырылған жалпы білім беретін пәндер бойынша аттестатқа тест кезінде алған бағалары қойылады. Қанша балл жинағанына қарамастан, түлектерге сертификат беріледі. Сертификат үстіміздегі жылдың 31 желтоқсанына дейін жарамды.

Емтихан тапсырылғаннан кейінгі үш күн ішінде Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізілген қосында сертификат беріледі. Онда ҰБТ аясында тапсырылған оқу пәндерінің әрқайсысынан алған балдары қойылады. Аттестатты түлектердің тестік емтиханды тапсырған кезде оқыған білім мекемелері табыстайды. Қазақстандық сертификатпен ТМД елдерінің жоғары оқу орындарына түсуге болмайды. Оларда білімді бағалаудың өз жүйесі қалыптасқан.

– ҰБТ тапсыру кезінде апелляциялық комиссия жұмыс істей ме? Үміткер өзімен бірге сұрақ кітапшасын алып кетуіне бола ма?

– Түлектердің құқығын қорғау мақсатында ҰБТ өткізілетін қосындардың әрқайсысында апелляциялық комиссия жұмыс істейді. Ол комиссия тестіге қатысушылардан тапсырмалардың мазмұны мен техникалық жайларына байланысты өтініштер қабылдап, қарастырады. Республикалық апелляциялық комиссияға түлекке балл қосу туралы ұсыныс жасайды және оның қорытындысы туралы оқушыға хабарлайды. Тестілеудің соңына дейін барлық емтихан құжаттары арнайы ғимаратта сақталуы керек, апелляциялық сәйкестендіру кезінде түлектің жауаптар нұсқалары, қай тілде тапсырғаны және отырған орны, жазылған сұрақ кітапшасы қажет болып қалуы мүмкін.

– Емтихан кезінде одан шығарылып жіберіліп, нәтижелері есепке алынбаған түлектің тағдыры қалай шешіледі?

– Ондай жағдай орын алған болса, түлек қорытынды аттестаттаудан өзі оқыған білім ұйымында дәстүрлі түрдегі емтихан тапсырады. Бұл кезде ол үстіміздегі жылы жоғары оқу орнына түсу құқығынан айрылады.

– Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан

Ләйла ЖАНЫСОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp