«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ЕСІЛДІҢ” ЕКПІНІ БӘСЕҢ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда волейболдан жоғары лиганың “А” тобындағы ерлер командалары арасында Қазақстан чемпионатының 3-ші тур ойындары бастау алды.  

Барлығы 8 құрама өзара мықтыны анықтап жатыр. Бұл бәсекеде солтүстікқазақстандық “Есіл-Виктория” жастар командасы өңір намысын қорғауда.

Қонақтарын қабылдаған петропавлдық “Есіл” құрамасы алғашқы 2 айналымнан соң 5-орында келеді. Олар өз алаңындағы бірінші кездесуін Семей қаласының командасымен өткізді. Ойын басталысымен жерлестеріміз шапшаң қимылдап, екі ұпай алды. Бұл жолы жақсы өнер көрсеткен есілдіктер үшін дода жақсы басталды. Ойынның бірінші кезеңі 25:13 есебімен жерлестеріміздің пайдасына аяқталды. Кейінгі екі кезеңде де семейліктер есепті теңестіре алмады. Керісінше, алаң иелері қарсыластарын 3:0 есебімен ойсырата жеңді.

Жарыс 7 күнге созылады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp